• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» фильміне жазған рецензиясы

    • — 8 қараша 2018
    • Баға: 6/10

    Той тақырыбындағы кинодан жалыққан адам үшін кино сценариі өзгешелік сыйлайды. Киноның аудиториясы көбіне жастарға арналған, жеңіл комедия.

    Сценарий: Көп кинолардан ұқсастық бар. Бір сәтті бір кинодан көрсеңіз, екінші сәтті басқа бір кинодан көргендей әсерде болуыңыз мүмкін. Дегенмен, Қазақстандық кино үшін тақырып тың, әрі қызықты. Әрі Шыңғыс ханның образын басқаша беруі қызықты, өзіміз үйреніп қалған қатыгез Шыңғыс хан қарапайым адам, әрі жәй ғана бір қыздың папасы ретінде көрсетілген. Бірақ, бұрынғы заманда қазіргі заманның сөздерін қолдануы біртүрлі көрінді, әрі кино толықтай орысша болғандықтан келіспейтін тұстары көп.

    Актерлар: Әр ұлттың актерлары түскендіктен кино барынша көп ұлтты Қазақстан халқын жаулап алуға арналған. Ақниет Орынтайдың кинодағы дебюты болғанымен, ол өзіне қойылған талапты жақсы орындап шыққан. Әлия Әнуарбек, төселіп қалған актриса болғандықтан Диананың рөлі сай келген.

    Түсірілім сапасы; Ильхамның алғашқы жұмысы екен, бірақ түсірілім, оқиғалардың ұйқасуы, түсірілімге таңдалынып алынған жерлер жалпы үйлеседі.

    Сөз соңында айтарым, кино үлкен касса жинамасы анық, дегенмен бір көңіл көтеріп қарап шығуға болады.

Пікірлер