• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Гудбай, мой бай» фильміне жазған рецензиясы

    • — 20 қараша 2018
    • Баға: 6/10

    Фильмның сюжеті бойынша, Ермек әйелінің енесімен бірге тұрғысы келмейтін қыңқылынан кейін ажыраспақшы болады. Достары оны қолдамақшы болып, көңілін аулайды. Дәл осы сәттен бастап Ермектің өмірі күрт өзгереді.

    Кино туралы қысқаша ақпарат:

    1. Кино 16 күннің ішінде түсірілген.
    2. Киноның түсірілу жұмысына, жарнамасына 300 мың АҚШ доллары жұмсалған.
    3. Киноны түсіру кезінде ең қиын сәт кірпіштің милицияның терезесін шағатын сәт, бұл сәтті түсіру үшін 3 көліктің терезесін сындырған.

    Ажырасқан еркектер депрессиядан қалай шығады? Міне, Ермек және оның ажырасу алдында тұрған достары осы сұрақтың айналасында өздерін көрсетеді. Ажырасуға әрқайсысының өз себебі бар. Бірі әйелінің қызғанышын жеңе алмаса, бірі үйінің қарызын жаба алмай ақша табуға шыққан табыскер, үшіншісі екінші отбасын құру үшін өзін мачо көрсеткен еркектер қауымы.

    Кино көруге жеңіл, өзіндік айтар ойы бар. Ажыраспас бұрын баласының бақытын ойлаған ата-ананы, мөлдіреп саған қарап отырған баланы ешқашан ұмытпау керектігін еске салады. Сериалдың толықметражды нұсқасы болғандықтан әр кейіпкер ашылған, қалжыңдары қалыптасқан. Қысқа әрі нұсқа. Кино отбасыңмен отырып көруге арналған.

    Берер бағам 6/10. Кейбір сәттерде бір нәрсе жетіспей тұрғандай күйде болдым. Жігіттердің алғашқы толыққанды жобалары болғандықтан, әлі де шыңдалады деген сенімдемін.

Пікірлер