• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Тілек тіле» фильміне жазған рецензиясы

    • — 30 қараша 2018
    • Баға: 7/10

    Әлемдік "Рождественский ангел", ресейлік "Мой парень - ангел" тура осындай мотивпен жазылып, тура осылай аяқталатынын есептемегенде фильмнің жақсы екеніне күмән жоқ. Енді фильмді толықтай көшіріп алды деуге келмес, дегенмен идея тура осы фильмдердегідей. Біздің көрерменге ыңғайлап, біздің өмірге ықшамдап жасағаны ұнады.

    Фильм - көңілді, әрі қазіргі кездегі біздің қоғамда орын алған инстаграм ауруын жақсы көрсеткен. Әрі танымал жұлдыздардың көбі өмірдегі өз рөлдерін сомдауын жақсы қолданған. Фильмның актерлық құрамы толықтай жұлдыздардан құралған. Танымал емес адам кездестіру мүмкін емес.

    Маған не ұнады:

    Бауыржан Сатов. Оның образы ұнады, бірақ оның қыз не транссвестит екенін ажырата алмадым. Дегенмен, Бауыржанның өзгеруі ұнады. Әсіресе көйлекпен, каблукпен талтаңдап жүрген сәті күлдірді. Қимыл-қозғалысы қызық көрінді. Өмірде тым салмақты жігіттен мындай өзгеру күтпеген сияқтымын.

    Индира Еділбаева. Жап-жақсы актриса екеніне сендіре алды. Образдарын өзгерткен кезде, макияждың құдыретін анық байқауға болады. Дегенмен, өте әдемі қыз. Нәзік, әрі аңқау қыздың образы жақсы шыққан.

    Жұлдыздарды қолдану сәттері. Аиша мен Беркуттың өмірінің кейбір сәттері сияқты кездерді әдемі қолданған. Саят Исембаевтың Рекетир образы сәтті қолданған, Айдай Исаеваның әдемі романтикасын көрсете білген. Жалпы осындай моменттерді әдемі бере білген.

    Кенталдың образы ұнады дей алмаймын, алдында "Замуж в 30 лет" фильміндегі образы қайталанған. Тура сондай адам, тура сол образ. Өз ролі үшін ерекше ештеме ұсына алмаған.

    Айым Сеитметова сол вайнер образынан шыға алмай қалған сияқты, дегенмен оның актерлық қабілеті өте жақсы екенін білем. Бірақ, өз ролін бұл жолы толық аша алмады.

    Қысқаша айтқанда фильмде қыздарға таңдалған киімдер мен киіну стильдері ұнады. Әдемі, әрі замануи көрінеді. Стилисттің жақсы жұмысын бірден көруге болады. Әр образ ойланған, әрі бәрі келістірілген.

    Беркуттың киноны қалай түсіру керек, қалай тартымды етуге болады және оны жарнамалау туралы ойы өзгергені анық. Фильмді қиналмай екінші рет көруге болады.

     

Пікірлер