• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Оңтайлы сәт» фильміне жазған рецензиясы

    • — 20 қаңтар 2013
    • Баға: 8/10

    Бұл фильмнің басты тақырыбы - адалдық секілді. Ата-анаңның адалдығы, жақын достарыңның адалдығы - бәрі сайып келгенде сенің кім екеніңді, қандай екеніңді айқындай түседі.

    Сюжетте шектеулі өмірі қалған жас қыз (Дакота Фаннинг) туралы баяндалады. Ракқа шалдыққан қыз о дүниеге кетпес бұрын есте қаларлық өзі істеуі тиіс әрекеттердің тізімін жасайды. Оның бәрі орындалды ма, ол маңызды емес. Бас кейіпкер үшін маңыздысы - жай ғана рактан өлген бейшара қыз ретінде емес, өзгелер секілді қалыпты өмір сүрген, өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көрген қарапайым қыз ретінде көпшіліктен есінде қалу еді.

    Қыздың қалауы осы еді.  Ең бастысы - біреуге ғашық болып өтуді қалайды. Қуанышқа орай, кездейсоқ танысқан жігіті (Джереми Ирвин) қыздың ең басты арманын іске асыра алды.

    Картинаның сюжеті бастапқыда созылыңқы, бірсарынды болып көрінгенімен, аяғына дейін экран алдында ұстай алатын бір тартымдылығы бар. Фильм барысында әкенің перзентіне деген шексіз махаббатын көрдік, жақындап қалған ажалға қарсы өзінің шарасыздығына налып, "мені өзіңмен алып кетші, қызым" деп егілген әкенің эпизодын көзге жас алмай қарау мүмкін емес.

    Әкенің қарсылығына көнбей, сүйгенімен соңына дейін жанында болған жігіттің де күйзелісін байқамау мүмкін емес. Бұлардың барлығы көрерменді өздерін кейіпкерлердің орнына қойып көруге, сол бір ауыр кадрларды барынша жақын түсінуге себепші болды деп ойлаймын.

    Бақытты болу үшін көп нәрсенің де керегі шамалы-ау?! Фильм осыны ұқтырғандай болды.

Пікірлер