• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Дамбо» фильміне жазған рецензиясы

    • — 28 наурыз 2019
    • Баға: 10/10

    Тим Бертон адамды таңқалдыра алады, ғажайыпқа сендіре алады. Әдемі ертегіге бала емес сізді де сендіреді. Егер заманауи ертегі қандай болуы керек деген сұрақ туындаса "Дамбо" фильмін қиналмай айтуға болады. Дисней мен Тим Бертонның тандемі күшті шыққан.

    Фильм адамгершілікке, адамды мықтылыққа, бауырмалдыққа үйретеді. Ана мен баланың, бала мен әкенің, жұмыстастар арасындағы сыйластықты анық көрсете білген.

    "Болашақ" қоры қазақ тіліне аударғандықтан фильм қазақ тілінде таза сөйлей алған. Дубляж фильм эмоциясын жақсы бере алған. Актерлардың сөйлеу мәнерін және олардың дауыс ырғағын жақсы келтіре алған. Миллиді дыбыстаған қызға рахмет айтқым келеді, кішкентай бола тұра дауысы сондай салмақты.

    Дамбо, көп сыншылардың сынынан өтпей жатса да, маған қатты ұнады. Себебі, фильм өз аудиториясына тура бағытталған және көп нәрсеге ой сала алады. Фильмнен шыққан кейінгі балалардың эмоциясынан-ақ көруге болады. Дамбоның анасына деген махаббатын айтумен болды. Демек, балаға анасын сыйлауды үйрете алады деуге келеді.

    Фильмнің әдемілігі сонша өзің сол жерде тұрғандай әсерде боласың. Өмірі циркқа барып көрмесем де циркта отырғандай әсер алдым. Фильмде махаббат, жылылық, достық, кешірім, ақымақтық бар.

Пікірлер