• Біздің парақшалар:
  • Джек Шепард «Айдаһарды қалай қолға үйрету керек» фильміне жазған рецензиясы

    • — 29 мамыр 2019
    • Баға: 7/10

    2010 жылы шыққан, Крис Сандерс пен Дин ДеБлуаның "DreamWorks Animation" студиясы түсірген, толықметражды анимациялық фильмі. Басты рөлдерді дыбыстағандар: танымал "лузер" Джей Барушель мен иықтас "батыр" Джерард Батлер.

    Суреттемесі: Мультфильм, бір-бірінің ата жаулары, айдаһарлар мен викингтердің ортақ тіл табысып, достасуына жол ашқан Иккинг балақай туралы. Мультфильм өз тайпасының қатігез болса да, өмірге бейімделген дәстүрлерін қабылдай алмай, қан төгуге қаншалықты қарсы тұрғанына қарамастан, елден ерек болғандығы үшін өзін айыптаумен болатын нәзік эмоциялы оқиғаны арқау еткен.

    Иккингтің әлемі Кетік айдаһарды кездестіргенде астаң-кестеңі шығады. Осыған дейін айдаһарларды жауыз әрі қанішер деп келген Иккингтің қанаты сынған түнгі фурия, әлжуаз Кетікті көргенде, өзінің ерек тағдырын түсінеді. Тайпа көсемінің жолы еш болмайтын, сырықтай ұлы Иккингтің тағдыры Кетікпен және айдаһарлар әлемімен астасып кетеді.

    Көп жылдар бойы викингтер айдаһарларды өлтіріп, қырып, оларға тотальді аулау ұйымдастырып келген еді, сол сияқты көп жылдар бойы айдаһарлар викингтердің барлық азығын үздіксіз тонаумен болады. Бірақ, айдаһарлар өз қалауларынан тыс тонауға мүжбүр болғанына көзін жеткізген Иккинг жағдайды өзгерту керек екендігін ұғады. Бірақ, викингтер және олардың көсемі, Иккингтің әкесі өзінің ұлының сөзіне сенгісі келмейді.

    Түнгі фуря Кетіктің жол көрсетуімен айдаһарлар ұясына аттанған викингтердің әскері Иккингтің сөзінің растығына өз көздерін жеткізіп, айдаһарлармен иық тірестіріп, ортақ зұлымды жеңуге атсалысады. Әрине, соғыс құрбандықсыз болмайды, ал бұл жолы құрбандыққа Иккингтің сол аяғы шалынған екен. Сонымен, ағаш аяқ Иккинг пен түнгі фуря Кетік және викингтер мен айдаһарлар татуы жарасқан ортақ болашаққа жол тартады.

    Фильм балалармен қатар, ересектерге де ұнайды. Отбасылық сеанс ұйымдастыру үшін таптырмас картина деп бағалауға болады. Визуалды эффекттер мен анимацияның орындалу сапасы, сондай-ақ фильмнің сценарийлік кейбір жетістіктері жасына қарамай, барлық көрерменге қызық. Әрине, бұл - голливудтық клишелер мен сценарийлік ортақ оқиғалардың табы байқалғанымен, ерекше нәзіктікке құралған эмоционалды фильм.

    Қызықты деректер:

    - Фильм киноматографиялық өнер мен ғылым академиясының "Оскар" сыйлығына ұсынылған;

    - Фильм жарты жылдық айналымда жарты миллиардтық табыс тапқан;

    - Фильм британдық балалар жазушысы Крессида Коулдың кітаптар сериясы негізінде жасалған;

    - Фильмді барлық дерлік сыншылар визуалдық эффекттері мен персонаждардың арасындағы байланысы үшін тартымды деп бағалаған.

Пікірлер