• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Өрмекші-адам: Үйден жырақта» фильміне жазған рецензиясы

    • — 12 шілде 2019
    • Баға: 7/10

    "Өрмекші-адам: Үйден алыста" - сюжет тұрғысынан да, визуал эффектілер тұрғысынан да үлкен аттракцион. Бірінші бөлімде көрсетпеген небір трюктер мен эффектілерді көрсетті. Сюжеті фокус/сиқыр тақырыбына арналады, ол аздай фильмнің өзін үлкен фокус/сиқыр етіп ұсынған. Сондай бір каламбур ("Ералаштың" музыкасы: пю-пю-пю-пюююю). Осылайша көрермен санасымен ойнау.

    Десек те "Кек алушылардың" финалымен тікелей байланысты болуы, Марвел киноғаламына, әсіресе Темір адамға сілтемелер мен құрмет нышандары барлық кемшілігін жуып-шайып тұр.

    Мистерио образындағы Джейк Джилленхол тамаша. Тек кейіпкерінің образы сценаристер тарапынан аздап жете жасалмағандай әсер етті. Болашақта оралып жатса оған көбірек мүмкіндік ашыла жатар.

    Сюжет пен кейбір деталдарды түсіндіру тұрғысында ашылмай қалған бір-екі сұрақ бар. Дегенмен МКҒ фанаттарының көңілінен шығатыны анық. Әзіл, махаббат, Өрмекшінің мотивациясы мен ішкі күйзелісі, әрекеттеріне сендіруі - бәрі өз орнында.

Пікірлер