• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Өрмекші-адам: Үйден жырақта» фильміне жазған рецензиясы

    • — 17 шілде 2019
    • Баға: 9/10

    Трейлерін қараған кезде аздап сенімсіздік болған, бірақ фильм сондай көңілді шыққан. Питердің жасына сай жастықтың желі есіп тұр + жаз болғандықтан фильм көңілді әрі қызықты болды. Таңдалған музыкаларда позитивке толы.

    Иллюзия қатты ұнады, прям ерекше бере алған. Былай қарасаң фильмнің өзі біздің санамымызбен ойнау ғой, ал мында иллюзияның мүмкіндігінің қандай екенін ашып көрсете алды, сендіре алды.

    Жалпы алғанда Марвел өз мақсатына қол жеткізген, фильм қызықты әрі ерекше. Маған ұнады, әрі Питер Паркерден нағыз жастық шақтың энергиясы ұрып тұр.

Пікірлер