• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Арыстан патша» фильміне жазған рецензиясы

    • — 18 шілде 2019
    • Баға: 10/10

    "Арыстан патша" көбіміздің балалығымызбен тығыз байланысты болғандықтан балалардан гөрі үлкендер көп күткен сияқты. Себебі, сүйікті мультфильміз енді қалай болады, сол эмоцияны сыйлай ала ма деген үміт көбірек болған сияқты.

    Disney түсіріп жүрген соңғы формат ұнайды, прям қасыңда жүргендей әсер береді. Мүмкін, мен IMAXпен қарағандықтан солай көріне ма, бірақ сондай әдемі. Бір уақыт осы әдеміліктің ішінде жүргендейсің.

    Сценарий өзімізге таныс болғандықтан қатты бір әсер күтпедім. Ескі нұсқасында жылаған адамдар сондай эмоция күткен сияқты, алай да олай болмады. Мен аздап сценарий өзгеретін шығар деп күткем, бірақ өзгермеген.

    Маған ұнамаған нәрсе музыка болды, мүмкін оригиналдағы әндерді қалдыру керек пе еді, бірақ Ресей әншілері орындаған әндер қатты әсер етпеді.

    Жалпы алғанда, фильм әдемі және сіздің балалағыңызды естелігін еске салады. Бұрынғы бөлімін қарамаған адамға фильм жақсы әсер етіп, балаларға ұнайтыны анық. Картинканың әдемілігі үшін қайта-қайта көрер ем.

     

Пікірлер