• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Әлдекім: Екінші тарау» фильміне жазған рецензиясы

    • — 6 қыркүйек 2019
    • Баға: 5/10

    Бірінші бөлімде Әлдекімнің өз изюминкасы болды: Қолдап-қорғаштауды қажет ететін, онсыз да проблемалы лузер балаларды одан бетер үреймен қорлап, әбден ит сілікпесін шығарған-тын. Аяушылықты білмейтін осындай қасиетімен денеңді тітіркендіретін күшке ие еді. Есейген, тұлға болып қалыптасқан ересек азаматтар мен клоунның текетіресі онша тарта қоймады.

    Оның үстіне Пеннивайз да бұрынғыдай аса қорқынышты емес. Орасан күшке ие бұрынғы зұлым-құбыжықтан ештеңе қалмаған, назар жетіспеушіліктен комплекске ұрынған, аздап психикалық ауытқушылығы бар жасөспірімді еске түсірді. Ал бұндай адами міні бар құбыжық ендігәрі қорқынышты емес. Оның тылсымдығын, беймәлім кейпін сақтап қалу керек еді.

    3 сағатқа жуық созғылағаны нағыз мылжыңдық болды. Бө! деп аттракциондық қорқытулары болмаса, образбен, атмосферамен, тылсыммен шошыту әрекеттері іске аспады.

    Юморды көбейткендері де бір жағынан жақсы шығар, бірақ хоррорға тән атмосфераға енуге кішкене кедергі болғаны анық. Шығарма мен экранизацияның алшақтығы байқалады. Кино нұсқасы таза попкорндық болып кеткені қынжылтады.

Пікірлер