• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Ұсқынсыз» фильміне жазған рецензиясы

    • — 4 қазан 2019
    • Баға: 10/10

    Трейлерін көрген кезден бастап осы мультфильмді көргім келді. Бір жағы мультикке деген махаббатым болса, бір жағынан мультфильмнің сюжеті қызықтырды. Онда Қытайдый әдемі жерлеріне деген саяхат бар, мейірімділік бар және жануарларға деген сүйіспеншілік бар.

    Ойымнан қателеспеппін, себебі мультфильмді балалардың ғана емес үлкендердің де көңілінен шыққанын байқадым. Ол сондай тартымды, әдемі, оқиғасы қызық, мейірімділікке толы әрі табиғатта саяхаттауға шақырады. Әрі мультфильмде табиғат пен заманау қоғам астасып жатыр. Селфи жасау мен қатар табиғаттың толқыны адамға ерекше сезім сыйлайды. Бір уақыт өзің бір осынау әдемі ертегіде жүргендей күй кешесің.

    Мультиктердегі образдар жақсы таңдалған, әрі қытайларға деген көзқарасты өзгерутге тырысқан. Дегенмен, қытайлары бар Мулан, Город героев жобалары сияқты тартымды, әрі шығысқа тән философиялық айтар ойы бар ерекше туынды болған. Лу, Пин, Джин, Лудың апасы, жауыз Берныштың өз образдары мен мінез-құлықтары анық берілген. Тіпті ағылшынша атауындағыдай ұсқынсыз йетидің өзі мейірімді, балалығы әлі қайтпаған алаңғасарлығы әдемі жеткізілген.

    Мультфильм нені үйретеді?

    1. Мейірімділікке. Ол табиғатқа, жан-жануарларға, адамдардың бір-біріне деген мейірділігіне шақырады. Йетиді күнделікті көріп жүрмесе де балалар онымен достасып, оны үйіне апарып тастайды. Мультфильмде ата-ананың махаббаты, достық бәрі орын алған.

    2. Арманға ұмтылуға. Арманына жету үшін шаршамай жұмыс істеген қыздың арманына жеткенін, қиындық кезінде құлап қалмай қайта бар күшін салып қайта алға жылжуға болатынын үйретеді.

    3.Саяхат. Саяхаттау қазірге қоғамның ең үлкен жетістігі екенін көрсетеді. Жай бір қалаға емес Эверестке шығуға болатынына сендіреді.

    4. Өнер. Қандай өнер болсын қуану кере және оның шыңына шығатыныңа сену керектігін үйрете алады.

    Мультфильм сондай позитивті, мотиваторлық ойға толы, әрі сондай қызықты. Балаңызға мотивация сыйлағыңыз келсе, оның көңілін көтергіңіз келсе осы мультфильмге апарыңыз. Жақсы ой тек алға жетелейтінін осы мультфильм арқылы оңай түсіндіре аласыз.

Пікірлер