• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Әлеуметтік желі» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 8/10

    Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында.

    «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, актерлер шеберлігі, режиссуралық тапқырлық демей-ақ қояйын, бірақ бір көруге тұрарлық туынды. Алған әсерім жоғары. Осыдан кейін сен де бір болмашы нәрсені қолға алып (мысалы әлеуметтік желі), 2-3 жылда миллиардер атанып кеткің келеді. Қазақ сайт жасаушыларына бір көруге кеңес берер едім. Үйде, кешкі мезгілде қолыңа салқын сыраны алып, жұмсақ төсекте жатып алып қарауға жақсы.

Пікірлер