• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «13» фильміне жазған рецензиясы

    • 13
    • 2010
    • Рейтинг: 5,333
    • Дауыс саны: 3
    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 7/10

    13 – сәтті сан ба?

    13. Осы сан жазылған қара жейде үстіне киілісімен оның өмірі күрт өзгереді. Бұған дейін кім болғаның, бұдан кім болып қалатының – ешкімді де толғандырмайды. Тек айтқандарын істе, сонда ғана құтылуға жол бар.

    Бір күнде миллионер атанудың ең төте жолы – осы. Кездейсоқ өлімтікке айналдыратын да – осы жол. Бағыңның жануына байланысты бәрі.

     

    Фильмнің адам психологиясына беретін әсері өте мол. Режиссерлік тапқырлық пен актерлердің шеберлігі өз дегенін істетері сөзсіз. Триллерді ұнататын киномандардың көңілінен шығатынына сенімдімін.

     

    Кинода ойнаған жұлдыздар легі де фильмді ақтарлықтай әр бере түскен. Жалпы айтарым, атыс-шабыс, ұрлау-зорлау, алдау-арбау, шытырман оқиға күтпеңдер. Бәрі көз алдыңда, өзіңнің өміріңнен де түсінікті ретпен өрбиді.  Сәйкесінше, аяныш, күйіну, қорқыныш сезімдері бойды билейді.

     

    Жұлдызды актерлердің құрамы да фильмнің сапасына оң ықпалын бере түскендей. Фильмнен Джейсон Стэтхэм, Микки Рурк, Сэм Райли, Рэй Уинстоун, 50 cent секілді танымал актерлердің өнерін тамашалай аласыздар.

     

    13 – сәтті сан ба, әлде керісінше ме? Оны осы киноны көргеннен кейін пайымдаңыздар!

    Ернар Бекенов

Пікірлер