• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Адасушы» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 6/10

    Адасқан жігіт туралы аңыз

    Шынымен де елітіп алып кетеді. Басында қарағанда көп жерлерін монтаждап “қиып” тастағандай әсерде боласың, бірақ соңында басына қайта оралып, көзге кейде көрініп, кейде байқалмай да қалатын сәттерді флешбек жасап дұрыстап түсіндіреді.

    Түсіру шеберлігі де, оқиғалардың өрбуі де ұнады. Экран алдында қозғалтпай ұстап отыратын тартымдылығы бар. Кейбір "ақылды" кинолардай адам миын адастырмайды, оқиғалар өз кезегімен жүреді. Бірақ жұмбақтары да аз емес.

    Соңы мен үшін күтпеген жағдаймен бітті. Мерзликиннің орнында басқа біреу ойнаса фильм соншама әсерлі де шықпауы мүмкін еді. Дегенмен оның әйелі мен ұлын ойнайтын актерлер ұнамады. Не жеткізбей ойнайды, не асыра ойнайды. Ешқашан дәл тимейді ондыққа (Әлде Мерзликиннің фонында соншама бейшара болып көрінді ма екен әлгі екеуі?!)

Пікірлер