• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Ұлы да құдіретті Оз» фильміне жазған рецензиясы

    • — 6 наурыз 2013
    • Баға: 7/10

    Томас Эдисон - ұлы сиқыршы.

    Сиқыр әлемі бірден баурап алды. Авторлар бала түгілі ересек сенетін ертегі әлемін жасауды мақсат тұтса - олар оған қол жеткізді деп сеніммен айтуға болады.

    Актрерлерден Мишель Уильямс пен Джеймс Франконың әртістік шеберлігін ерекше атау қажет. Әсіресе Озды сомдаушы Франко шынымен таңғалдыра алды. Түрлі эмоциялық сәттерді сөзсіз, іс-қимылымен-ақ көрерменге толық жеткізе алған секілді. Оның күрделі драмаларға да, қызық оқиғалы фэнтези хикаяларға да бірдей үйлесе алатынына куә болдық.

    Шыны керек, Мила Кунистің осындай фильмде көрінуі мен үшін жаңалық болды. Бәріміз оны жастарға арналған комедиялардан көріп үйреніп қалғанбыз. Ол туралы қалыптасқан стереотип те әсер еткен шығар, мыстан кейпіндегі ойыны да, кейіпкерлік образы да өз деңгейінде ашылмай қалғандай көрінді. Бірақ дәл осы Мила Кунистің арқасында сұлу дуагердің, түрлі ертегілерден көріп өскен - шошайған қалпағы бар, мұрны мен иегі сүйір, тырнақтары ұзын, сыпырғышпен ұшатын қап-қара киімді мыстанға айналу себебін және процесін көрдік.

    Фильм мен күткен деңгейден жақсырақ болып шықты. Қуантарлық, таңғаларлық жағдай.

    Монтаждау тобы мен арнайы эффект жасаушылар еңбегі айқын көрініс тапты. Оз деп аталатын сиқыр әлемі шынымен тамаша. Әр деталь өзінше орындалып, жалпы фонның үйлесімі мен әдемілігі үшін өң беріп тұр. Оз: алып та әдемі гүлдер әлемі, меруерт пен басқа да асыл тастар әлемі, сұлу табиғат пен таңғажайып жануарлар әлемі. Ең бастысы осы аталғандардың бәрінің өзіне тән, қайталанбас қанық та айқын түсі бар.

    Балаларға бұл туынды тамаша әсер беретіні анық. Ересектер де жақсы көңіл-күйден құр қала қоймас.

    Томас Эдисон неліктен ұлы сиқыршы? Оны фильмді көрген адам ғана түсінеді :)

Пікірлер