• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Гамбит» фильміне жазған рецензиясы

    • — 13 наурыз 2013
    • Баға: 7/10

    Нағыз Гамбит!

    Бастығын жақсы көретін адам кемде кем шығар. Әдетте қарапайым қызметкер үшін бастық - зұлым, қатігез, жүрексіз, ақылсыз болып келеді. Фильмдегі Колин Ферттің кейіпкері де бастығынан өшін ала алмай жүрген бейшара жұмыскерлердің бірі еді. Сөйтіп жүргенде есе қайтарудың бір амалын табады. Бірақ бар қаражаты мен ақылын жұмсаған жоспары бірден іске аса қоймайды. Сонда ол көрермен күтпеген қадамдарға барады.

    Фильм сюжеті жеңіл, авантюралық комедия. Британдық актерлердің америкалықтардан бір ерекшелігі - юморларында салмақ пен астар бар. Осы жолы осыған тағы бір көз жеткіздім. Күлкілі сәттер жетерлік, әсіресе К. Ферттің орындауындағы рөл - тамаша!

    Бастығыңның алдында ез болған абыройыңды қайта ақтап қана қоймай, оны масқара етіп, ол аз десеңіз - 11 миллион долларға ие болудың жолын білесіз бе? Білмесеңіз - жауабы кинода. Тамашалаңыз, өкінбейсіз. Әсіресе, финалы таңғалдыра алады.

Пікірлер