• Біздің парақшалар:
  • Марфуға «Ер Төстік және Айдаһар» фильміне жазған рецензиясы

    • — 6 сәуір 2013
    • Баға: 7/10

    "Сорқұдықтың басына, Сорға бола қонды, әкем. Жанынан қорқып жалғызын, Жалмауызға берді әкем" - деген Кенжекей жыры Ер Төстік туралы ертегіні оқып өскен баршаңыздың есіңізде болар. Менің де есімде екен. Тек санамның бір саңылауында қалып қойыпты. Бірер күн бұрын кинотеатрлардан көрсетіліп жүрген "Ер Төстік және Айдаһар" атты мультфильмді көргенде сол естелік қайта жаңғырды. Құдды, балалығыма сапар шеккендей болдым ғой. Мультфильм қатты ұнады. Замануи түсірілген екен. Перінің қызы Бекторыны айтсаңшы!))) Түріне қарап, бір сүйсініп алдым ғой. Рас, Дулат аға (Исабеков) айтқандай, Бекторының образы сәл ашылмай қалған. Бірақ жаман емес. Жалмауыз кемпірдің дауысын дубляждайтын Лидия Кәденоваға тіпті риза болды. Мыстанның әр сөзін айызым қана отырып тыңдадым ғой, қалай жетер жеріне жеткізіп сөйлейді!) Маған ұнаған тағы бір кейіпкерлер - тасбақа мен қосаяқ. Екеуі езуіңе еріксіз күлкі үйіреді. Әзілдері сондай жарасымды) Әрине, ұнамаған тұстары да жоқ емес. Бірақ ол маңызды емес. Алғашқы аяқ алыс қой, етегінен тартпайық))) Қайта осындай төл туындыларымыз көбейе берсін деген тілек айтайық. Аааа, ұмытып барады екем, кинотеатрда біздің жанымызда 7-8 жасар бала отырды. Қазақша түсінбейді. Ар жағында отырған анасынан сәт сайын: "Мама, не дейді?" деп сұрап отырды. Өкінішті, әрине. Дегенмен қазақша сеансына кіргені қуантарлық. Сіздер қалай? Көрдіңіздер ме? Пікірлеріңіз қандай? (Көрмегендер болса, көріңіздер. Өкінбейсіздер деп ойлаймын))))))

Пікірлер