• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Етікті мысық» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 7/10

    Ол — мықтылардың ішіндегі бірегей. Сұлулардың арманы, ержүрек семсерші сері, кедейлер мен шіркеудің қорғаушысы және қызу қанды биші. Бұл кім дейсіздер ғой? Әрине, Шректің болашақ досы — Етікті мысық. 

    Ол Шрекке дейін қандай болды? Қандай оқиғаларды басынан өткізді? Қайдан ғана тап болды бұл ертегі әлеміне? Осы сұрақтарға жауапты DreamWorks студиясының "Етікті мысық" (ағылш. Puss in Boots) анимациялық туындысынан таба аласыздар. Егер 3D-мен көріп жатсаңыз — тіпті керемет. 

    Мысықтың балалық шағына да куә боламыз. Шалтай-Болтаймен тағдырлары неліктен байланысты екенін түсінеміз және… ғашықтығына куә боламыз. Оһ, биін айтсаңызшы. Сіз Мысықтың билегенін «Шректен» көрдіңіз ба? Жоқ, әрине. Бұған қоса, Етікті мысық неліктен «Етікті» атанды, соның мәнін ұғамыз.

    Графикалық безендірілуі тіптен керемен, оның үстіне 3D форматты сеансқа тап болсаңыз… Мультфильм бәрінен бұрын диалогтарының тартымдылығымен, күлкілі оқиғаларымен ерекше есте қалады. Сөйтіп, «Шрек» коллекциясына қосымша, бірақ бонустан гөрі жеке-дара шедевралды дүниеге татитын бөлек туынды дүниеге келді, ханымдар мен мырзалар.

Пікірлер