• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Бейнет пен зейнет» фильміне жазған рецензиясы

    • — 30 сәуір 2013
    • Баға: 5/10

     

    +18 деген шектеулерге баса назар аударғаныңыз дұрыс, жалпы психикасы қалыптасқан адам барғаны дұрыс дер ем.

    Кино шынайы өмірге құралған. 1995-1996 жылы американдық фитнестен тренер болып істеп жүрген үш качок жігіттер баюды армандайды. Американдық арманға қол жеткізу үшін үшеуі бірігіп өздерінің фитнес клубтарына келіп жүрген бір байды ұрлап оның ақшаларын өздеріне алып алмақшы болады. Үшеуі де қарапайым жігіттер нақты жоспарсыз және өздерінің қаншалықты дарынды екендерін есептемей іске кірісіп кетеді. Жұдырық үлкен болған жерде ақылдың керегі не деген ойға саятын еді ойлары. Үшеуінің біреуі ғана ақылды, бастап істі қозғап жүрген бір-ақ адам. Қасындағы екеуі аздап ақымақтау ойламай іс жасайды...

    Кинода америкалықтар қалай табысқа жетеді және олар өздерінің табысқа жету жолында қалай тәрбиеленетінін ашық көрсетеді. Шынайы өмірде болғандығы адамды түршіктіреді. Соңында екеуі өлім жазасына кесіледі, біреуі 15 жылға сотталады және қазіргі күні бостандықта.

    Жалпы кинода, шынайылықты көрсете білген және арманға қол жеткізу үшін өз адал еңбегіңмен жеткеннің дұрыстығына сендірген.

     

Пікірлер