• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Біздің заманнан кейін» фильміне жазған рецензиясы

    • — 6 маусым 2013
    • Баға: 8/10

    Біз өмір сүрмеген заманда, егер де жерде адам сүрмесе не болады деп ойланып көріп пе едіңіз? Ал мен бұл жайлы көп ойлап, тіпті небір деректі кинолар көріп біраз елестеткен ем. Ал сіз, жер адам өмір сүруге ең жарамайтын жер болып қалуы мүмкін деп ойладыңыз ба? Жоқ, мен де мұны ойламадым. Ойламадым. "Біздің заманымыздан кейін" фильмін көріп осы сұрақ ойландырды... Ол жайында кейінірек.

    Ал қазір әңгіме фильм жайында... Жерде адамдар өмір сүре алмайтын жағдайға жеткесін адамның бәрі басқа әлемге көшіріледі. Бірақ, басқа жерде ешкімді ешкім қол жайып күтіп отырмайды. Ол әлемде адам жегіш урса деген жалмауыз адамдары қыра бастайды. Әр нәрсенің өз әлсіз тұсы болатындай урсаның да әлсіз тұсы - көрмейтіндігі. Қуанбаңыз, бірақ ол адамның қорқынышы арқылы адамды тез тауып алатын қасиетке ие... Қорқыныштарын жеңген адам ғана бұл заманда өмір сүре алады. Қорқынышын жеңе білген адамдардан топ құрылып, адамзатты қорғауға шығады. Осы топтың басшысының ұлының ең үлкен қорқынышы да урса еді...

    Баласы екеуінің кемелері жерге құлап, жерден екеуіне аман қайту миссиясы тұрады. Әкесі жараланып, көмек шақыратын құралды тауып әкелу баласына тапсырылады. Ал баласы жер әлемімен мүлдем таныс емес... Не болмақ???

    Жер демекші, жерде адам болмағасын мүлдем басқа боп кеткен. Тіпті таңқаласың, не бәрі адамзатқа қарсы ма??? Барлық аңдар көбейіп, нағыз аң боп кеткен бе???

    Мен сияқты фантастиканы ұнататын адамдарға фильм үлкен әсер қалдыратынына өте сенімдімін. Себебі өзің көріп жүрген әлем өзгерісі мен дамыған технологияның жетістіктері сені таңқалдырмай қоймайды. Өзінің бір жеке әлеміне шақыра біледі.

    Киноның басты тақырыбы - өз қорқынышың. Адамда қорқыныш жоқ, ол тек сенің ойыңның, иллюзияңның жемісі ғана. Қорқынышыңды жеңіп болашаққа тік қарап саған сенген адамдардың сенімін сезіне алсаң қорқыныштың күл паршасы шығады...

    Уилл Смит пен ұлы фильмдегі рөлдерін жақсы алып шыға алған. Әкелік пен жұмыстық қарым-қатынас арасын жақсы көрсете білген. Қорқыныш, сенім, мейірім бәрін бере білген. Екеуіне де жақсы деген баға бере алам.

Пікірлер