• Біздің парақшалар:

Шәкен Аймановтың кинодағы еңбегі #2

Жалғасы. Басы өткен материалда.

«В одном районе» фильмінің постері

1961 жыл режиссер Шәкен Айманов «Бір ауданда»В одном районе») фильмін экранға шығарады. Аталмыш фильм тақырыбы Кеңес үкіметі орнап болғаннан кейінгі ауданның жаңа даму жолына түсуі, бірлік пен еңбек жайында болды. Шағын аудандағы адамдардың бір-бірімен қатынасы, отбасылық қарым-қатынас терең аталып көрсетілген. Фильм идеясы - кеңестік қоғамдағы адамдар түсінігі деп қарастыра аламыз. Өйткені фильмдегі әр кейіпкер жаңашылдыққа жаңа өмірге қадам басуды көздейді. Олардың өмірге қойған мақсаттары өзінше әр түрлі. Шәкен Айманов бұл фильмінде басты кейіпкердің бейнесін өзі сомдаған. Аудан бастығы (Шәкен Айманов) кей кезде отбасы мен жұмысындағы қарым қатынасын ажырата алмайтын жан.

Шәкен өз бейнесін шынайы көрсетіп бере алды. Шаңырағында – әке, жұмысында - басшы. Кейіпкерге лайықты мінез фильмде баршылық. Оның кәсіпқой актер ретінде бұл кинокартинадағы жұмысы мақтауға тұрарлық.

Фильмге сценарийді режиссер Игорь Саввинмен бірігіп жазды, фильм операторы Марк Беркович болды. Лола Абдукаримова, Асанәлі Әшімов, Әмина Өмірзақова, Серке Қожамқұлов, Рахметулла Сәлменов, Сейфолла Телқараев, Қасым Жәкібаев сынды кино және театр актерлері фильмде түрлі кейіпкерлерді сомдады.

Актерлық құрам, операторлық жұмыс жақсы шыққанымен, фильмнің драматургиясы төңірегінде теріс сындар мен пікірлер кезінде көп айтылған. Сондықтан да фильм тез ұмылып кетті. Аймановтың бұл фильмі сәтсіз шыққан туынды болып есептелінеді.

«Песня зовет» фильмінің постері

Дәл осы жылы Шәкеннің екінші фильмі жарық көреді. «Ән шақырады»Песня зовет») фильмі Шәкеннің сәтті шыққан кинокартиналарының бірі болды. Бұл фильм тек қазақ жұртшылығында ғана емес, сонымен қатар бүкіл Одаққа кеңінен таралды. Тіпті Ташкентте өткен Орта Азия халықтарының кино фестивальнде осы фильм, екі түрлі номинацияға лайықты деп танылды. Фильмге атсалысқан актриса Райса Мұхамедиярова үздік әйел рөлі үшін марапатталса, фильмнің дыбыс операторы Евангелина Додонова үздік дыбыстық жұмысы үшін жеңімпаз атанды. 

Райса Мұхамедияровадан бөлек Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Рахия Қойшыбаева, Сейфолла Телқараев, Мұрат Абдулин, т.б. актерлер қатысты. Операторы - Марк Беркович, фильмді музыкамен Александр Зацепин әрлеген.

«Перекресток» фильмінің түсіру алаңында

1963 жылы наурыз айында Алматы қаласында режиссер Шәкен Аймановтың кезекті фильмінің премьерасы өтеді. «Жол түйісі» («Перекресток») кинокартинасын қалың ел жылы қабылдады. Дәл осы жұмысымен Шәкен Айманов Душанбеде өткен, Орта Азия елдерінің кинеметографистері арасындағы фестивальде үздік режиссуралық жұмысы үшін мараппатталды.

Бұл фильмде режиссер кейіпкерлердің психлогияға толған толғанысын ашып көрсеткен. Кейіпкерлердің жан күйзелісі, қиыншылықтар мен қасіретке бетпе-бет келуін, күрес секілді детальдар фильмге арқау болған. Басты рөлдегі Фарида Шәріпова мен Асанәлі Әшімов ерлі-зайыптылар бейнесін сомдады.

Жалғасы бар...

 

Малик Журчубаев

Пікірлер

  • Раздаем по 50$ просто так.
    Выберите счет, инвестируйте полученные 50$ и
    наблюдайте за тем, как растут уже ваши деньги.
    Получите 50 USD здесь http://rancat.xyz/track/BDP50