• Біздің парақшалар:

Шәкен Аймановтың кинодағы еңбегі #3

(Жалғасы)

1965 жылы режиссер Айманов өзінің кезекті «Алдар Көсе»Безбородый обманщик») фильмін экранға шығарады. Әдетте Алдар көсе  ұлттық ауыз әдебиетіміздің, аңыз-әңгімелеріміздің көркем бейнелі қайталанбас кейіпкері. Режиссердың аңыз желісімен түсірген фильмінің ішінде терең сыры болғаны анық...

«Алдар Көсе» фильмінен кадр

Алдар Көсе - бұл қазақтың Робин Гуды іспеттес. Жарлыларға көмек беру, байларды, сараңдарды айлакерлікпен тақырға отырғызу оның күнделікті шаруасы. Фильм сюжеті осындай тақырып шеңберінде көрсетілген. Бұл жобасында, режиссердің өзі, бас кейіпкер Алдар көсе бейнесін сомдап шығады. Шәкеннің фильмдегі бейнесі шанайылығымен есте қалды. Актерлік жұмыстың жақсы шығуы аңыздағы Алдар мен Шәкен мінезінің ұқсатығында болса кере. Оның көзін көрген замандастары, Шәкеңнің  әзілге жақын адам екенін, сөзге шешен болғанын алға тартады.

Фильм сценарийін Айманов Лев Варшавскиймен бірігіп жазды. Ал фильм операторы Марк Беркович болды. Картинаға сондай-ақ Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Атайбек Жолымбетов, Серке Қожамқұлов, Баян Әділова, Елубай Өмірзақов, т.б актерлер түсті.

«Атамекен» фильмінің постері

1966 жылы режиссер «Атамекен» («Земля отцов») көркем фильмін шығарды. Шәкен Аймановтың аталмыш фильмі терең психологияға толы болды. Картина Шәкен шығармашылығының  жоғарғы дәрежеге жетуінің, сонымен қатар шығармашылық ізденісінің нәтижесінде туындаған дүние деп айта аламыз. Осы фильмде әсіресе кейіпкерлер бейнесі толығымен ашылды. Бұл жетістік тек режиссер еңбегі ғана емес, оған қоса драматургиялық жұмыстың аса жоғары деңгейде жазылуына да байланысты еді. Олжас Сүлейменов фильмнің сценарий авторы болды. Тиянақты жұмыс, сапалы сценарий, режисуралық шешім фильмді жетістікке жетеледі. Актерлік жұмыс - бұл да бір фильмнің көркем шығуына көмегін тигізген. Елубай Өмірзақовтыңв орындауындағы шал бейнесі бүкіл фильмнің идеясы мен ойын айқындап, әрлеп тұратын маңызды фактор болды.

«Атамекен» кинокартинасы көптеген жүлделер мен мақтауларға қол жеткізді. 1968 жылы Күләш Бәйсейітова атындағы сыйлыққа ие болыпса, Елубай Өмірзақовқа мемлекеттік сыйлығы табыс етілді. 

«Тақиялы періште» фильмінен кадр

«Тақиялы періште» («Ангел в тюбетейке») фильмі - шыны керек, осы күнгі көрермендердің қазақ киносының ішіндегі сүйікті фильмі екені жасырын емес. Осы уақытқа дейін өз көрермендерін әлі жоғалтпаған кинокомедия 1969 жылы экранға шықты. Музыкалық комедия жаңа заман, қоғам бейнесін қызықты  оқиғаларымен байланыстырылып сюжеттеді. Күлкі тудыртатын көріністер фильмде көрініс тапқан. Онымен қоса фильмде А. Зацепиннің түрлі әсем әуендері қолданылған. Кинокартинада ескішілдіктен жаңашылдыққа ұмтылу тақырып, идея ретінде қарастырылды. Бұл фильм Әмина Өмірзақованың жаңа бейнені жоғары деңгейде көрсетуі, актриса шығармашылығының шыңына жетуінің белгісі болса керек. Ол сомдаған рөл актрисаны жаңа қырынан танытты.

Тана - комедиялық рөл. Ол оның іс-әрекетінен айқын көрініп тұр. Ниеті оның дұрыс болғанымен, жасаған қылықтары жаңашыл заманға жат. Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильмінде ана бейнесін сомдауымен танылған еді. Бұл фильмде де актриса ананы сомдаған. Алайда екі ананың бейнесі жер мен көктей. Бір-біріне мінездері ұқсамайды. 

«Тақиялы періште» фильмінен кадр

«Тақиялы періште» фильміндегі үш рөлді актерлар емес, басқа саладағы адамдар ойнаған. Бірақ олардың жұмыстары еш актерлардан кем түспегені аңғарылып тұр. Тананың ұлы Тайлақ рөлін Ә. Райымбеков (негізгі кәсібі - жүргізуші), Нияз рөлін Ә. Исмайлов (негізгі кәсібі - суретші), Айша рөлін Ш. Алтайбаева (студент) сомдаған. Олар өздеріне жүктелген рөлдерді аса жоғары деңгейде алып шыға алды.

«Атаманның ақыры» фильмінің постері

«Атаманның ақыры»Конец атамана») - Шәкеннің соңғы фильмі болып есептелінеді. Бұл фильмнің қазақ кино тарихында алатын орны ереше. Шәкен Аймановтың бұл жұмысы Шадияров туралы фильмдер жинағының алғашқысы. 1977 жылғы «Трансібір экспресі» («Транссибирский экспресс»), 1989 жылғы «Манчжурлық нұсқа» («Манчжурский вариант»), 2010 жылғы «Сіз кімсіз, Ка мырза?» («Кто Вы, господин КА?») фильмдері Айманов қойған фильмнің жалғасы болып саналады.

Фильм Қазақстанда 1920 жылы орын алған шынайы тарихи оқиғалардың негізінде түсірілді. Жалпы тақырыбы - отаншылдық. Өмірде болған тарихи оқиғалар авторларға шытырман оқиғалы сюжетке бай кино туынды жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл фильмді тарихи-революциялық фильмге жатқызуға болады.

«Атаманның ақыры» фильмін түсіру кезінде

Аталмыш фильм 1970 жылы түсірілді. Дәл осымен қатарлас «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімі болып жатқан. Асанәлі Әшімов екі жобағада қатысқан болатын. «Атаманның ақыры» фильмінде Әшімов Қасымхан Шадияров рөлін сомдады. Бұл рөл актердің үлкен жетістігі болып саналды. Ол тек тапсырылған рөлді жа ойнап қана қоймады, ол қаһарман бейнесін өзінше сомдады. Атақты актер авторлардың осы рөлдің қам–қарекеті арқылы айтайын деген ойларын шеберлікпен жүзеге асырып қоймай, рөл трактовкасына өз жанынан, өз ойынан көптеген жаңалықтар енгізген.

 

Малик Журчубаев

 

Осыған дейін жарияланған сабақтас материалдар:

1. Киноға дейінгі Шәкен Айманов

2. Шәкен Аймановтың кинодағы еңбегі #1

3. Шәкен Аймановтың кинодағы еңбегі #2

Пікірлер