• Біздің парақшалар:

Мәжит Бегалиннің шопандар туралы фильмдері

...Шоқан туралы фильм шыққаннан соң, режиссер Мәжит Бегалин кезекті кинокартинасын комедия жанрында түсіреді. 1959 жылы шыққан «Жерге оралу» (Возвращение на землю) фильмі кейіпкердің жаңа ізденістерімен, мүмкіндіктерін терең сиппаттай білді. Аталмыш комедия жоғарғы деңгейде болмағанымен, режиссер фильм барысында көп ізденгені аңғарылады. «Жерге оралу» комедиясы жастар арасында шопан мамандығын құрметтеу  сезімін туғызуда белгілі бір дәрежеде ықпал етті.

Жерге оралу (Возвращение на землю)

Фото көзі: el.kz

Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы, 1959 жыл

Сценарий авторлары: М. Вольпин, Я. Зискинд

Операторы: М. Аранышев

Суретші: Ю. Вайншток

Композиторы: Е. Брусиловский

Дыбыс режиссерлері: В. Зорин ,У. Дәулетқалиев

Рөлдерде: Қ. Қуанышбаев, Р. Сейтметов, К. Сарсембаева, Т. Өмірзақов, К. Қожабеков, С. Қожамқұлов, Л. Иванова, Ю. Тимошенко, Л. Абдукаримова, Н. Сыздықова, Е.Өмірзақов.

Мәжит Бегалин шопандар өміріне, олардың тұрмысы мен күнделікті істеріне арнаған үш фильмі белгілі. «Бұл шұғылада болған еді», «Жерге оралу» фильмдерінен бөлек осы тақырыпта тағы да «Тұлпардың ізі» кинокартинасын 1963 жылы жарыққа шығарады.Ауыл өмірімен мал шаруашылығын терең көрсеткен фильмде кейіпкерлердің ішкі психологиясы мен жаңашылдыққа бетбұрысын,ескішілдіктен арылып мақсатқа жете білу секілді  қасиеттер киноға арқау болды.Тек ол ғана емес онымен қоса кейіпкерлер арасындағы  мөлдір махаббатта фильмде жоқ емес.

Тұлпардың ізі (Следы уходят за горизонт)

Фото көзі: eurasiaiff.kz

«Қазақфильм», 1965 жыл

Сценарий авторы : Ә. Тарази

Операторы: А. Ашрапов

Суретші: Р. Сахи

Композиторы : Э. Хагагаортян

Дыбыс  режиссеры: К. Кусаев

Рөлдерде: Ф. Шарипова, А. Әшімов, К. Абдраймов, К. Кенжетаев, Қ. Бөкеева, Р. Сәлменов, Х. Жиенқұлова, К. Қармысов.

 

Жалғасы бар...

Сабақтас материалдар:

1. Мәжит Бегалин киноға келмес бұрын

2. Мәжит Бегалиннің алғашқы режиссерлік жұмысы

Пікірлер