• Біздің парақшалар:

Алғашқы қазақ кинодраматургиясы

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары аралығында қазақ режиссурасының іргесі қаланбаған болатын. Дегенмен Қазақстан тақырыбындағы фильмдер саны жылдан жылға біршама артып отырды. Осы процестің нәтижесінде қазақ режиссуралық мектебі қалыптасты.

Мұхтар Әуезов / фото: anatili.kz

Алдымен драматургия саласы дамыды. Жазушы алдымен Ғабит Мүсірепов, одан кейін Мұхтар Әуезов фильмдерге сценарий жаза бастады. Оның бұл бастамасы қазақ киносының дамуына септіген тигізбей қойған жоқ.

Жазушының кинодраматургия саласындағы алғаш жұмысы - 1940 жылы шыққан "Райхан" фильмі болатын. Жазушы аталмыш фильмнің сценарийін жазып шығады. Бұл жұмыс ұлттық кинодраматургия саласындағы алғашқы дербес ұлттық сценарий болып есептеледі. Яғни жазушы ұлттық драматургияның ізін салушы болды.

"Райхан" фильмін орыс режиссеры Моисей Левин қойды. Бұл фильм тақырыбы қыз бостандығы, әйел адамның мінезін ашу болды. Мұхтар Әуезовтың жазған жұмысы сонау Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қамар Сұлуымен", Спандияр Көбеевтің "Қалың малындағы" Ғайша  бейнесімен үндесе білді.

"Абай әндері" фильмінен кадр (1945)

Жазушы кейін де киносценарий жазу ісіне араласып жүрді. 1945 жылы режиссер Григорий Рошаль "Абай әндері" ("Песни Абая" ) фильмін экранға шығарады. Бұл фильм Қазақстанда дербес құрылған киностудияның алғашқы туындысы болып есептелінеді. Драматургтің басты мақсаты, бас кейіпкер, яғни ұлы ақынның бейнесін жан жақты да шынайы көрсету еді.

"Жамбыл" ("Джамбул") фильмінің постері (1952)

Елуінші жылдары қазақ киносына, ұлттық жазушылар мейлінше қызығушылықпен араласа бастады. Осыдан қазақ кинематографиясының қазақ әдебиетімен байланысы неғұрлым жоғарлай түсті. Қазақ жазушыларының қазақ киносына қажеттілігі аса зор болды. Бұлардың қолынан шыққан әрбір сценарий қазақ киносын қазақи бояумен әрлеп отыруға септігін тигізді. Әбділда Тәжібаевтың кинодағы шығармашылық жолы "Жамбыл" (1952) фильміне сценарий жазуымен басталды. Погодинмен жазылған бұл сценарий ақын Жамбылдың өмірі, шығармашылық жолы  негіз етіп алынды.

 

Малик Журчубаев

Пікірлер