• Біздің парақшалар:
  • Айкона

Бағалаған фильмдері:

РЕЦЕНЗИЯЛАР (88)

  • Қорқынышты кинолар туралы ой жазатын мен емес. Себебі, мен мүлдем қорқынышты кино қарамаймын. Себебі сол- мен қатты қорқақпын :). Бірақ, осы жолы "ой, клоундар ғой, солардан қорқуға бола ма?" деген оймен бардым. Қателескен сияқтымын. Кино қорқынышты, дыбыстық эффектілер адамның кәдімгідей есін алады ...
  • Асқар Ұзабаевтың киноларында не болатынын, не күтуге болатынын біліп тұратындай күйге жеткен сияқтымын. Комедияны жақсы түсіреді, бірақ бәрі бір-біріне ұқсас дүние боп кетті. Айтпақшы, Ақбота қанша артынан сөз лестіргенімен өз рөлін барынша жақсы алып шыққан, рөлді емін-еркін ойнап шыққан. Ауылдан к ...
  • Сценарий жұтаң, негізі қазақтардың отбасында одан ауыр, әрі күлкілі жағдайлар бар. Данагүлдің эмоциясынан басқа актерларда эмоция аз. Салтанаттың шынымен рөлін аша түссе болатын еді. Жігіттің көз қарасы ұнады. ...
  • Киноны жылайтын, "өмір неткен әділетсіз" деген тізімдер жиынтығына қосып қойыңыз. Жылайтын кино екен деп көрмей қалмаңыз, керісінше өмірде бәрі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін көріңіз. Жалпы әйел мен еркектің махаббаты, аналық махаббат пен адамгершіліктің ең жоғарғы сатысын көрсете алған жақсы ...
  • Кино, нағыз қазіргі заманда болып жатқан әлеуметтік тақырыпты қозғайды. Бізге күнделікті байқамайтын нәрсені жақсы көтерген. Отбасылық қасиеттен дым қалмаған кез. Еркек өз отбасынан безіп, отбасының алдындағы міндетін ұмытқан. Әйел, ана екенін, жар екенін ұмытқан. Инстаграм сияқты әлеуметтік желіні ...
  • "Валериан және мың ғаламшар шаһары" фильмін қазақ және орыс тілінде қарап шықтым. Басқы идея бойынша, екі тілдегі аударманы салыстыру болған. Сонымен "қандай айырмашылық бар?" деген сұрақ туындауы заңды. Менің жауабым қысқаша: "Ешқандай айырмашылық жоқ". Себебі, қазақ тіліндегі фильмге екі ...
  • Бүгіннен бастап кинотеатрларда "Көліктер" мультфильмінің үшінші бөлімі шығады. Өзімізге, кішкентай балаларға жақсы таныс Найзағай Маккуин арамызға қайта оралды. Болашақ Қоры бұл жолы да демеушілік жасап,  біздің сүйікті мультфильмімізді қазақ тіліне аударды. Орыс тілінде мың рет "недеп жатыр?" деген ...
  • Жоғарыда жазылған пікірден ер адам мен әйел адамның бір нәрсені екі түрлі қабылдайтынын байқауға болады. Білмеймін, маған кино өте жақын көрінді. Мен бірінші кітабын оқыдым. Кітапта бір оқиға қайта-қайта сипатталып жатқандай әсерде болдым. Басында шатасып кеттім, киносы бар екенін білгесін киносын қ ...
  • "Чудо-женщина" киносын именно кинотеатрдан көруге кеңес берер ем. Себебі, спецэффектілер кинотеатрдан көрген кезде жақсы байқалады. Галь Гадот пен амазонкалардың әдемілігі адамды бірден баурап алады. Амазонкалардың төбелесі мен олардың тұрып жатқанын аралын суретшілер жақсы бере алған. расымен, жер ...
    • Алып
    • 2016
    • Рейтинг: 6
    • Дауыс саны: 1
    Энн Хэтэуэйдің киноларын қараған қызық, өзіндік бір актерлық ерекшелігі бар. "Уау!" дегізбесе де, ішің пыспайды. Энн Хэтэуэйдің еркелігі бір түрлі жақсы әсер қалдырады. Кино туралы не айтуға болады? Кино орыс тілінде неге "Моя девушка - моностор" деп аударғанын білмеймін, себебі ...
  • Кинотеатрдан қарай алмадым, үйде қарауға тұрарлық фильм. Жан-жағы жинақы, айтар ойы мен ісі бір жерден шыққан жақсы кино. Мағына іздеп, өмірді түсіндіруге көмектесетін ойы жоқ, жәй қарап фантазияға ерік берген жақсы туынды. Киноны көріп отырып ішің пыспайды, қарауға тұрарлық. ...
    • Сплит
    • 2016
    • Рейтинг: 7,5
    • Дауыс саны: 2
    Кейінгі кезде "адамның ішінде бірнеше адам сүруі мүмкін" деген теория мені қатты қызықтырады. Осы тақырыпта біраз кино мен кітап оқып шықтым. Білмейм, менің ойымды қанағаттандыруға Джеймс МакЭвойдың актерлығының шамасы жеткен сияқты... "Sulpak Cinema" компанисының шақыруымен "Сплит" фильмінің тұсау ...
    • Келу
    • 2016
    • Рейтинг: 8,167
    • Дауыс саны: 6
    Прибытие фильмін жазушы мен түсірушінің фильмнің соңына келгенде фантазиясы таусылып қалса керек... 6 балды тек Эми Адамстың шынайы ойнай алатындығы алды.Киноның бас тәп-тәуір ортасына келген кезде шатасу басталып, лағып кеткен банальный тема қосылып кетті. Басқа дүние күтіп ем... ...
    • Логан
    • 2017
    • Рейтинг: 8,333
    • Дауыс саны: 3
    Адам Росамаха жайлы көріп отырып ішінде бір күй болады. Ол - өкініш. Мықты актердің енді Логан болып киноға түспейтіні, енді Росамаха образының Хью Джекманды көре алмайтынымыз. Әрі фильмдегі Росамаханың өмірінің соңының құлдырауы өмірдегі жағдайларға ұқсап кеткені. Адамның өмірдегі басты мақсаты ұрп ...
  • "Болашақ" фондының шақыруымен, қазақ тіліне аударылған 17- әлемдік киноның жабық көрсетіліміне бардым. Алматы қаласының әкімі Б.Байбек айтпақшы, "Біздің Тәуелсіздігімізді тойлау күніне тұспа-тұс келген, біздің тәуелсіздік жолындағы күресімізге сай фильм" расымен ұлы күреске арналған "Күрескер-бір: Ж ...
  • Кино, жаңа жыл алдындағы қарбалас пен жұмыстағы көңіл-күйді жақсы бере алған. Білмеймін, кинода кез-келген өз бастығынан күтетін қарым-қатынасты көресете алатын сияқты. Әрине, ол әр кімнің ойы ғой, бірақ, өмірде ондай қарым-қатынас болмайтынын анық... Үлкен келісімшартқа қол жеткізу үшін компания ба ...
  • Брэд Питт пен Марион Котийяр екеуінің  дуэті барлық киномандарды қызықтырғаны мәлім. Мені де қызықтырды, бір жағы мықты актерлік құрам болса, бір жағы кино шықпай жатып тараған біраз өсектер болды. Сонымен, киноға келсек. Қазақтарда "астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деп, осы м ...
  • Кейт Бекинсейл қатты ұнайды. Вампирлер туралы ұнаған алғашқы фильм. Осы кинодан бастап вампирлер әлемі қызықтыра бастады. Мен үшін кинолар әлемінде жаңа тақырып болды. Кино шыққан сәтте өте қызықты болды. Қызықтыра алды. Әлі де қызыға көре алам. ...
  • Көптеген зомби туралы кино көріп жүрміз ғой. Бүгін кинотеатрларда жүріп жатқан "Құт әкелетін қыз" фильмі зомбилер тақырыбына басқа көз қараспен қарауға итермелейді. Себебі, зомбилерден адамдар сияқты ойлап, адами қасиетпен өмірге келетін балалар болуы мүмкін. Мелани және басқа балалар көптеген жылда ...
  • Көп әкелердің ұл балаларды қалайтынын білеміз ғой. Кеше көрсетілімге шыққан "Соққыға шыда, балақай!" атты фильміндегі әке де ұл баланы армандағанын байқауға болады. 2 қыз өмірге келеді. Бірі сұлулық әлемінің ханшайымы болғысы келсе, екіншісі бокстан чемпион болғысы келеді. Бірақ, екеуі де өз қойған ...
  • Маған осындай өз өмірімен ойнайтын адамдар туралы кинолар ұнайды. Олар соңы немен бітетінін білсе де өз жолдарынан таймайды... Дуэлянт - нағыз жігіттік пен адамның қаншалықты қиындыққа төзе алатынын сипаттайтын кино. Жанұясы мен қоғамдағы орнынан айырылған жігіттің ойында тек бір нәрсе ғана болады, ...
    • 04:29
    • 2016
    • Рейтинг: 9
    • Дауыс саны: 1
    «...и не убивайте самих себя; поистине Аллах к вам милосерден» (Коран, 4:29) Шыны керек, қазір адамдар көбіне материалдық жағдайға мән беріп адамдардың ішкі жай-күйіне ешкім мән бермейді. Тіпті сезімге толы мелодрамалардан гөрі экшнге толы кино қарауды жөн көреді. Мүмкін осы себепті де адамдар қаты ...
  • Кино өте сәтті шыққан. Бұрын түсірілген "Бен-Гур" фильмдерін қарамағандықтан да алдыңғы фильмдермен маған салыстыру қиындық тудырады. Дегенмен, Т.Бекмамбетов түсіріген бұл кино менің көңілімнен шықты. Маған ұнамаған, түсініксіздеу тұсы кинода екі басты оқиғаның болуы, екі тақырыптың қозғалуы болды. ...
  • Полный Расколбас мультигінің трейлерін көрген кезде мультфильм ерекше болатын сияқты көрінді. Мойындау керек, мультиктың салынуы мінсіз, әр персонажға мінез, дауыс, іс-әрекет, тіпті әр тағамға сай ұлты берілген. Бірақ, осындай керемет салынған туындының сізге айтар ойы жоқ болғаны өкінішті. Ре ...
  • Кешеден бастап кинотеатрларда "Спарта" атты ресейлік кино көрсетілімге шықты. Рас, ресейлік кинолардың көрермені аз болғанымен жалпы осы фильмге келген адамның көптігі менің көз қарасымды өзгертті. Себебі, кино шынымен жақсы. Спорттағы, өмірдегі, жігіттер арасындағы бәсекелестікке құралған киноның ж ...
  • Не хотел вас расстраивать, подумал, вдруг вы не вернетесь (с) "Стартрек: Шексіздік", «Жұлдызды жол»фильмдер желісінің 13- бөлімі. Ғарыш, кеше, астрономия, болашақтың техникасы тақырыбына қызығатын кез-келген адамның сүйікті фильмінің бірі. Трейлерін көріп киноның барлық дәмдісін көріп алғандай әсер ...
  • Шыны керек, трейлеріне қарап және Стивен Спилберг болғасын мүлдем басқа нәрсе күтіп ем. Үмітім ақталмады, әрине киноның идеясы жақсы, әдемі кадрлар. Бірақ, кино тым ұзақ, ортасында өзіңнің жалығып кеткеніңді түсінесің. Оқиғасы түсініксіз, киноны басынан бастап көріп отсаң да бас жағында бірнәрсені ж ...
  • Кейде маған мынандай сұрақтар келеді "біз неге өмір сүріп жүрміз?", "біздің мақсатымыз не?" деген сияқты. Енді оған тағы бір сұрақ қосылды "мен кімнің проекциясындамын?" деген. Бұл сұрақтың бәрі бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетілетін "Алдау иллюзиясы 2" киносын көргесін туындады. Кино жайлы көп ...
  • Кино- триллер тақырыбында жақсы шыққан. Әсіресе, Анна Чиповскаяның мінсіз актерлығын тамашалай аламыз. Мықты журналист-фотограф Сашаға жігітінің өлімі ол байқамаған біраз құпияның бетін ашты... Жігітінің ол ойлағандай періште болмағаныын түсінеді... Маған ұнағаны: 1. Кино сценариі Ресей фильмдері үш ...
  • Фильм қоғамда резонанс тудырмауы мүмкін, бірақ өзіндік айтар ойы бар жақсы фильм. Бұл жерде халыққа берілген ақпарат пен БАҚ өкілдерінің іс -әрекетін жақсы сипаттайды. Өзін финанс тақырыбында ас санайтын журналист қарапайым халыққа ақшаларын қайда салу керектігін, мүмкіндікті қалай пайдалануы керект ...
  • "Алиса айнаның арғы бетінде" атты фильмнің кеше Алматыда Есентай СО жабық көрсетілімі өтті. "Алиса айнаның арғы бетінде" - қазақ тіліне аударылған 15 фильм. "Көш жүре келе түзеледі" демекші, киноның қазақша аударымы көңілімнен шыққаны сонша ешқандай кемшілік байқамадым. Бұл жерде режи ...
  • Х - адамдарды бұрыннан көріп келе жатқан адамдарға бұл бөлімі аздап түсініксіздеу болуы мүмкін. Дегенмен, Х- адамдар тарихының өзгергенін байқауға болады. Кино бұрынғыдай мутанттардың таланттарымен адамды таңқалдыра алады. Тіпті осындай супер қасиет менде де болса ғой деген ойға жетелейді... Кинода ...
  • Angry Birdsті ойнамаған қазір бала да үлкен де жоқ шығар иа? Смартфон енді қолымызға тиген кезде жапа-тарғамай осы ойыннан жарысушы ек. Сол ойынның өз оқиғасы және оның мультфильмі болады деп сол кезде ойладыңыз ба? Мысалы, мен ойлаған емеспін. Ал ойынды жасаушылардың ойы болған))) Сонымен, кинотеат ...
  • Шыны керек, көп киноларға қарағанда комикстар көп қызық. Себебі, адамның фантазиясының шарықтау шегінің жоқ екенін білдіреді. Оған Marvelдің кино түсіру өнерін қосыңыз, кино сапасы адамды қызықтырмай қойдырмайды.   Капитан Америка: Азаматтық соғыста мен күткен нәрсе Өр ...
  • Осы жылы кино саласында рас қуанышты жаңалықтар болып жатыр. Қазақ киносына кинотеатрларда билет болмай қалып, кино сеанстарды көбейтіп жатыр. Әрине, сұраныс бар да табыс бар, табыс бар жерде талас бар. Талас бар жерде сапаның өсетінін өздеріңіз де білесіздер ғой. Сәбина келіннің басынан кешкендері ...
  • Египет десе елең ете қалатынымыз рас. Тарихтан бөлек, сол елдің атауының өзінде бір құпиялық пен сиқыр жатқандай... Бүгіннен бастап кинотеатрлардан көрсетілетін "Боги Египта" киносы трейлерінен бастап адамды осы бір сиқырлы әлемге шақырғандай әсер қалдырды. Рас, Мысыр туралы бірнеше жүз ...
  • Ох, мен қалай романтиканы жақсы көрем десеңізші, тіпті шектен тыс жақсы көрем десем де болады. Романтикалық кинолар қыздар қатты әсер ететіні бар, дегенмен шектен шықпауға тырысу керек. Бүгіннен бастап Қазақстандық кинотеатрларда Ресейлік "30 кездесу" фильмі көрсетіле бастады. Иа, мойындаймын банал ...
  • Осы киноға ешқандай рецензия, пікір оқымай барғаным қандай жақсы болған деген ой келді. Себебі, адамдардың пікірі әйтеуір сана сезіміңнің бір бұрышына әсер етіп, киноны көрмей жатып сенің ойыңды өзгертуі мүмкін. Кино барлық қауымға арналмаған және бізде сексуалдық аутқуларға халықтың көз-қарасы басқ ...
  • Қаңтар бойы күткен фильмдерімнің бірі еді, себебі жарнама айқайлап шақырды. Бардым, расы керек жарнама как то әсер етеді маған. Сомен, фильм мен күткендей болмады, балаларды алдап түсіргендей әсер қалдырды. Түсіру жұмысы жақсы, сценарий піспей қалған нан сияқты. Кино өте қысқа, мүмкін жалғасы шығып ...
  • Шыны керек, кейінгі кезде көп комедиялар көңілімнен шықпайды. Солардың бірі Ресейлік фильм "Самый лучший день" болды. Шыны керек, Тимур Бекмамбетов түсіргендіктен "Елки" сияқты жаңа жылдық көңіл-күйді беретін ерекше әсер күтіп ем, үмітім ақталмады.  Жұмысы, қалыңдығы бар гай қызметке ...
  • Диснейдің мультфильмдерін қарау балаға ғана емес үлкен кісілерге де әрқашан қызық. Мүмкін, диснейдің ең ұтымды тұсы осы шығар.  "Хороший динозавр" атты мультфильмнің көрсетіліміне жолым түсті. Екі інім менен бұрын қатты қуанды.  Себебі, олар мен ойлағаннан да динозаврлар жайлы көп бі ...
  • Бүгіннен бастап кинотеатрларда "007: Спектр" фильмі көрсетіле бастады. Әлемге танымал Джеймс Бонд туралы фильмдердің кезекті бір бөлімі. Заманауи киноларды жақсы көретіндер үшін бұл өте жақсы жаңалық екенін білемін. Бұл фильмде "Бондты жек көретін адам бар ма?" - деген сұраққа жауап іздей ...
  • Кино маған өте ауыр әсер етті. Білмейм, мүмкін өмірдің соншалықты қатал болатынын түсінгендіктен де шығар... Ақша билеген қоғам біздің елді ғана емес әлемді ұстап тұрғандықтан көп ақша табуға ұмтылудан басқа әрекет жоқ екенін мойындаймын... Кино белгілі бір кезеңді ғана суреттейді, ол жерде сізге ке ...
  • Киноға 8 балл қойғаным, киноның сапасы мен актерлардың ойыны тамаша болды. Бірінші бөлімі мағынасы жағынан жақсырақ болған. Ұнамағаны: 1. Зомбилер темасы кәдімгідей жалықтырды. Жалпы кино өндірісіне басқа тақырып ойлап тапса дұрыс болатын сияқты. Білмеймін, мүмкін адамның бас формасының өзгеріп, ауы ...
  • Бұрынғы төрттіктің фанаты болғандықтан жаңа құрамды қабылдау қиынға түсті. Фильмнің идеясы ұнағанымен алдыңғы актерлардың шеберліктері мыналармен салыстырғанда күштірек сияқты. Тас адамның түрі мында тым қорқынышты және бітпейтін бір басқа әлемді ашатын есіктер жалықтырды. ...
  • Әр кім өз отбасын қалай сақтағысы келсе өз еркі. Киноның басқа кинолардан ерекшелігі мәселені басқалай өзгертіп бергендері. Негізі біздің санада қалыптасқан ой бойынша қандай ата-ана болмасын балаларын өзіне алып қалғысы келеді, ал бұл жерде екеуі де балаларынан құтылғысы келеді. Әрине, баналды тақы ...
  • Шыны керек, бірінші бөлімін көрмегесін шатасып қалдым. 1-2 сағаттық фильм емес бір ұзын-сонар сериялдың бір сериясын қарап отырғандай күй кештім. Ең қызығы кинодағы оқиға бір адамның төңірегінде ғана өрби береді, не ол оқиға дамымайды не бір өзгеріс жоқ. Ұзын сонар сериалдың бір бөлігі сияқты және а ...
  • Балаңызды өз арманына жетуге итермелеудің жолын білмейсіз бе? Онда мен сізге Диснейдің жаңа туындысы "Болашақтың жері" киносына апаруға кеңес берер ем. Бұл кино тек ұлдарға ғана емес қыздарға да өте қызықты болатынына сенімдімін. Себебі, дамыған заман әр адамды жоғарғы технологияны меңгеру ...
  • Мен сияқты Marvelдің өнімдерін жақсы көретіндер үшін нағыз қуанышқа толы фильм болды.  Шыны керек, бұл киноларды жай теледидардан не комптан көре салу Марвелге жасалған қастандық дер едім. Себебі киноның барлық керемет көрі үшін кинотеатрдан 3D дан қараңыз дер едім. Сонымен, "Ке ...
  • Кітабынан гөрі киносы романтикаға толы болған сияқты... Кітапта БДСМ туралы көп жазылып, жыныстық қатынасқа көп мән берілгенін білеміз, ал кино көпшілікке арналғандықтан көп сценаларды жасырған, әрине кітап бойынша түсіретін болса порно боп шығатыны анық еді. Мүмкін кітаптағыдай әрекетті күткен оқыр ...
  • Тонаудың әр түрлі болатынын білесіз бе? Мысалы, "Қазақша тонау", "Италяндық тонау" енді міне "Америкалықтарша тонау". Бірақ, барлық тонаудың мақсаты бір- байлық. Қызық, әр киноны қарап отырып, әр елдің тонауға өзінше дайындалатынын байқайсың. Сол алмақтың да бағасы бар екенін ұмытып кететіні жаман. ...
  • Кейде киноға барған кезде киноның ендігі сәтінде не болатыны маған белгілі боп тұратын сияқты көрінеді... Бірақ, "Ерсі оқиғалар" киносы сізді жүйрік ойыңыздың алға шабуына кедергі келтірері анық. Себебі, сіз голливуд киноларындағыдай "қазір, анау у ішті бітті өледі" деген сияқты бір жүйелік ой ойла ...
  • Бұрын "мюзикл" деген нәрсені естігеніммен барып көрмеппін. Жалпы көп өлең айтылатын кинолар мен үшін тек  үнді фильмдерімен астасатын еді... "Орманға тереңдей бергенде..." комедиялық-мюзиклы бізге жақсы таныс "Золушка", "Рапунцель", "Қызыл телпек" сияқты бірнеше ертегіні біріктіріп өз ертегіле ...
  • Киноны көру үшін міндетті түрде алдыңғы 2 бөлімін көріп барыңыз, егер көрмеген болсаңыз кино сізге аздап түсініксіздеу болары анық. Аштық ойындарының жеңімпазы Китнисс Капитоийге қарсы құрылған одақтың белгісіне әрі көтеріліске шығушылардың күш берушісіне айналады. Бірақ, басты арманы өз серігін бос ...
  • "Келинка Сабина" киносын көруге барған кезде бар артық ойларыңызды қалтаға салып қойыңыз, иа иа 7- арнадан сіз көріп жүрген бағдарламадағы таныс бейне болса да басқаша оймен барыңыз. Кино күлкілі, бір жағы тәрбиелік мәні бар... "Таңдаған тазға жолығады" деп арабтың шейхтарын армандаған Сәбина ...
  • Кино өте қызықты, адамды кино біткенше біраз тығырықта ұстайды. Сіздің миыңыздың мүмкіншілігінің соншалықты мықты екенін өзіңіз сенбей дал боласыз және адамдардың сіздің миыңыз арқылы сіздің өткеніңізге саяхат жасап, сіздің санаңыздың алдауы мүмкін екеніне сенбейсіз. Психологиялық ойларға толы кинон ...
  • Мектепте оқыған Н.Гогольдың "Ревизор" деген шығармасы есімде ерекше қалыпты. Тексеруші боп келіп елдің бәрін ақымақ жасаған адамның оқиғасы неге екенін есімде жақсы сақталыпты. Кеше осы оқиғаны қазіргі заман көзімен, әрі киносын көріп қуанып қалдым. Бекмамбетов ұсынған "Ақымақтың күн ...
  • Жалпыда 2- Дүниежүзілік туралы киноларды көп көрмеймін, жүрегім қатты ауыр алғандықтан қарай алмаймын. Мен үшін соғыс туралы кино көру "Сволочи" фильмімен аяқталған болатын. Алайда, америкалықтардың осы соғысқа деген көз қарасы олар түсірген нұсқа қалай болатынын көргім келетін. Қаһар / F ...
  • Марвелден кейін жақсы көретін екінші дүнием ол - Дисней. Диснейдің әр мультфильмін жақсы көрем. Олар сондай әдемі әрі балаға тәрбиелік мәні бар жақсы өнім ұсына алады. "Город героев" / "Ержүректер қаласы" - мультфильміде Диснейдің кезекті шедеврі екеніне сеніп бардым, рас өзім ойлаған ...
  • Кино сюжеті "банальный" деген шаблонға келетін тақырып, мүмкін мыңдаған кинолардан осындай сюжет көргесін киноның соңы кино басынан белгілі боп отырған сияқты болды. Тақырып айқалап тұрған сияқты болғанымен елдер қадала қалған бір сөз туралы бірде-бір әсерлі дүние жоқ. Миллиондаған адамдар күнде көр ...
  • Бірде менен бір жігіт "миыңның қанша пайызын қолданасың?" деп сұрады. Ойымда түк жоқ "100 пайызын" деп айтып қалдым. Енді ше, ол менің миым болса, еще тек менің ғана миым болса неге мен оны толықтай қолданбайды екем деп ойладым. Кейін оқыған материалдарымнан адам миының тек 10-20 % ғана қо ...
  • Жұмысыңыздағы ең керемет өткен корпартивті көз алдыңызға елестетіңізші. Не болып еді? Қайда өткізіп едіңіз, ұялатын жерлері жоқ па?  Байқайм, қызарақтап қалған сияқтысыз. Әлде қымбатқа сатып алған көйлегіңіз бен туфлиіңіз есіңізге түсіп кетті ме? Иа, иа бұл кинода сол сіз ойлағандай мен ойлағ ...
  • Мультик расымен балаларға арналған, артық ой, адам шошырлық қатыгездіксіз немесе үлкендерге арналған фишкаларсыз түсірілген. Мені қызықтырғаны ұшақтардан адам мінезін, жасын, қылықтарын, дәрежесін бірден аңғаруға болатындығы. Балалардың психологиясы ауыртпалық туындатпайтын әдемі қойылым. ...
  • Бұрындары мультигін көрмегендерге "ниндзя тасбақалардың" кім екенін танытатын кино. Ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің салдарынан бір крыса мен 4 тасбақа адам құсап жүріп, төбелесіп, сөйлеп, адам сияқты ойланып қана қоймай заманауи техниканы меңгерген мутанттарға айналады. Кино желісі мультфильм жел ...
  • Бала күнімде маған мынандай ой келетін "адамдар сүйгеніне қосылғаннан кейін неге бақытты емес" деген. Әрине көп нәрсені түсіне бермейтінмін, әлі де түсіне бермеймін. Тіпті ғашық болып үйленіп, барлық жағынан бақытты адамдарда бұл сұраққа көп жауап іздейді екен... Голливуд ұсынған "Үй жағдайынд ...
  • Танымал киноактриса Грейс Келлидің Монако ханзадасына тұрмысқа шыққанан кейінгі өмірінің бір бөлігіне арналған фильм. Мемлекет басындағылардың құпияға толы өмірінің бір құпиясын ашып берген фильм. Киноны түсірер алдында Монако елінің патшасына хат жолданып киноның сюжеті бекітілген, бірақ кино шыққ ...
  • Ертегі дегенді жақсы көрем, әсіресе оны Disney түсірсе, әсіресе басты рольді Анджелина Джоли сомдаған болса... Бірақ, ескертетін бір жәйт, киноны қазақша және арнайы 3D форматында көріңіз. Егер 2D да көрсеңіз, мен сияқты жыл бойы күткен кайфыңыз бұзылып қалар...  Өз әлемінд ...
  • Өзіміз 31- арнадан көріп жүрген "Кухня" сериалының бір бөлігі, жалғасы десе де болады. Соңғы кезде маған орыс киноларын актрелары мен авторларымен бірге көру сәнге айналды :). Алдында Сергей Светлаковпен "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы" көріп ем, бұл жол "Асхана Парижде" киносын&nbs ...
  • Нағыз комиксты және романтиканы ұнататын жігіттерге арналған керемет туынды. Әрі батырлықтан, әрі қыздардың жүрегін жаулаудан сабақ алуға болады. Бірақ, енді сізде ол сияқты мүмкіндік жоқ екенін ұмытпаңыз. Питер Паркер ненің жаман ненің жақсы екенін ажырататын, әрі кейде ұлы істер үшін бір нәр ...
  • Негізі орыстардың әр комедиясы болсын, әр киносы болсын бәрінде арақ бірінші жүретінін байқап қалдым. "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы киносыныңда басты тақырыбы сол араққа құралған сияқты. Мүмкін "орыстардың жаны" сонымен тығыз байланыста болса керек... Небір адам санасына кіріп шықпайтын іс ...
  • Күніне көрген киноларымыздың әр қайсысы өзімізге әр қалай әсер етіп жатады. Бірі жақсылыққа жетелесе, бірі қиялымызға ерік беруге итермелейді... Қарап отырсам адамзаттың арманы ешкімге мойымайтын, ештемеге сынбайтын, қарусыз да, ешқандай көмексіз ұша алатын, соғыса алатын "суперқаһарман" ж ...
  • Көз алдыңызға елестетіңізші - сіз ойлаған адам сіз қалаған уақытта сіздің қасыңызда... Рахат қой иа, алыста, тіпті алыстағы жанды бір көру үшін ойлап қасыңа шақырып аласың... Кімді шақырып алатыныңызды елестеттіңіз бе? Мысалы мен білем, бірақ тізім тым ұзақ екен :) 27 күні кинотеатрлардан көрсетіле ...
    • Вий
    • 2014
    • Рейтинг: 3
    • Дауыс саны: 2
    Ресейліктердің адамды шатастыратын тағы бір жолы болмаған фильмі. Бұрын шыққан "Темний мирға" өте ұқсас фильм десе де болады. Ресейліктердің түсірген соңғы фильмдерінен байқағаным басында түсініксіз болуы. Тек басында емес, сіз кино аяқталайын дегенше ештеме түсінбеуіңіз мүмкін, тек соңында кино авт ...
  • Сіздің өміріңізге роботтардың араласып, сіз үшін шешім қабылдағанын қалайсыз ба? Ойланыңыз, оларда сезім, аяушылық, мейірім, адамшылық жоқ. Тек тапсырманы орындауға тиісті құл темірлер... Бірақ, олар расымен сіздің өміріңізге араласып кетсе не болады? Жаңадан шыққан "РОБОКОП" фильмінің мақсаты да ...
  • Әлемді ақшасы бар, қатыгез адамдар билесе не боларын ойланып көрдіңіз бе? "Аштық ойындары: Тұтанған от" киносында осы мәселені жақсы көтерген. Ақшасы көп, байығаннан іші пысқан байлар қарапайым халықтың арасынан адамдарды таңдап алып небір қиындықтары кездесетін ойындар ойлап табады... Ол ойынның ...
    • Кэрри
    • 2013
    • Рейтинг: 6,5
    • Дауыс саны: 2
    Стивен Кингтың әр киносы мен кітабы болсын осындай бір күрделі оқиғаға, адам күтпейтін кейіпкерлерге толы болады. Басында ойлайтынмын осыншама қиялилықта адамға ақша мен табыс әкеле алады екен деп, дегенмен оны шеберлікпен жеткізе білуде үлкен өнер ғой. Әйтпесе қаншама қияли бар, жынды деген атқа ие ...
  • Сіздің ойыңызға, қиялыңызға мынандай ой келді ме: "тамақтарға да тамақ керек, және олар да көбейе алатын болса?" деген? :) Әрине келмегеніне сенімдімін, себебі біз тамақты тек адамдар дайындай алады деп ойлаймыз. Бір сәтке тамақтар да тамақ жеп, көбейіп, сөйлесіп, өздерін қорғап, ойлай алатынынын ел ...
  • Өй, сендер той өткізуді білмейсіңдер :) Ресейліктер ұсынған  "Горько" фильмін көріп отырып жоғарыдағыдай ой келді. Біз қанша дегенмен қала да тұрамыз, көйлек, жүзік, фотограф, той залын таңдау деген бізге қиындық тудырмайды. Бірақ ауылда той жасауды елестетіп көріңізші... Кішігірім қала әкімінің қыз ...
  • Соғыс туралы кино қашан да менен тек қорқыныш тудырады. Себебі, ол тарихта яғни біздің өмірімізде болған оқиғалар... Сталинградқа барарда осы қорқыныштан айырыла алмадым, кино басталғанда да... Маған ең әсер еткен көрініс киноның басында болды. Ол - солдаттардың өздері жанып бара жатса да жауына қа ...
  • Бұл киноны барлық 20 дан асқан қыздарға көруге кеңес берер ем.... Кино сондай қызықты, әдемі, романтика мен позитивке толы. Жалпы мен ресейлік киноларға өте құмар емеспін, кеше де барған кезде трейллерін көріп алып бірақ бардым. Сондай көңілді, жеңіл былайша айтқанда қыздарға арналған кино. Қыздарды ...
  • Соңғы көрген кинолардың ішінде елең еткізгені осы кино болды. Мэтт Деймонның актерлығымен таныс болғасын, мынадай боевикте қалай ойнайды екен деп ой басым болды. Ұнады, Мэтт бұл сынағымнан шыға алды. Ұнағаны: әрине дамыған заман, епті құлтемірлер, элизиум, Макс, кішкентай қыздың әңгімесі, жоғарғы те ...
  • Қандай киноның болсын, әйтеуір бір ойға жетелейтіні анық. Бұл кинода жетелеген ой, адамдар о дүниеден де қаша ала ма? Кино дәлелдегендей қаша алады екен және қашқандарды іздейтін арнайы милицияда бар. Оларды "о дүние департаменті" дейді, қызығы осы өмірде де заң қызметкері ол жақта да осы жұмысын жа ...
  • Бет пердеңді ешқашан шешпе.. Ех Джонни, Джонни... Сенің қатысуыңмен кез-келген киноның сүйікті көрерменінің бірі екенімді мойындаймын... Сен кім болмадың? Пират, вампир, енді міне есі ауысқан үндіс... Кино, "заңда ең адал адамдар ғана қызмет ете алады" деген түсінікпен өмір сүрген Джон Р ...
  • Монстрлар туралы мультфильмнің кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті мультфильміне айналғалы қашан...Міне, енді сүйікті мультигіміз қазақ тілінде сөйлеп жатқаны қуантты. Қазақша аударма дегенге алдында "қап" дегендей болғам... Мультфильмге кіріп кеткенім сонша аударманың қазақша аудармасынан қателік бай ...
  • Біз өмір сүрмеген заманда, егер де жерде адам сүрмесе не болады деп ойланып көріп пе едіңіз? Ал мен бұл жайлы көп ойлап, тіпті небір деректі кинолар көріп біраз елестеткен ем. Ал сіз, жер адам өмір сүруге ең жарамайтын жер болып қалуы мүмкін деп ойладыңыз ба? Жоқ, мен де мұны ойламадым. Ойламадым. " ...
  •   +18 деген шектеулерге баса назар аударғаныңыз дұрыс, жалпы психикасы қалыптасқан адам барғаны дұрыс дер ем. Кино шынайы өмірге құралған. 1995-1996 жылы американдық фитнестен тренер болып істеп жүрген үш качок жігіттер баюды армандайды. Американдық арманға қол жеткізу үшін үшеуі бірігіп өзде ...
  • Бір түсті сұр әлемнен жалықтыңыз ба? Онда сізге "Ұлы да құдіретті Оз" (ОЗ:великий и ужасный) фильмін көруге кеңес беремін. Иа, иа, иа не себепті деген сұрақ туындайды. Жауап беруге тырысайын. Елестетіңізші, сіз күнделікті сұрғылт түсті өмірде күн кешіп жатырсыз. Бірақ сіздің қиялыңыздағы әлем және ...
  • Бізге кино басталар алдында былай ескертті: "махаббат пен қызылды-жасыл әлемді көрем деп күтпеңіздер, себебі бұл тарихи кино". Рас, тарихи кино және жапон стилі мен адами қасиеттерінің айқын көрсеткіші. Киноның басты мазмұны екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Жапонияның үштік одаққа ...