• Біздің парақшалар:
  • Private Rayan

Бағалаған фильмдері:

РЕЦЕНЗИЯЛАР (7)

  • Сүп-сүйкімді фильм. Мені баурап алғаны - жағымды кейіпкерлер. Өмірде түрлі қиындықтар бар, бірақ күйбең тірлікке мойымай, айналасына бақыт сыйлай алатындар бар. Бэнкстер ешқандай да бай емес, бірақ кішкентай нәрселерге балаша мәз болып, бақытты бола біледі. "Мэри Поппинс" ертегісі ондай адамдар өмір ...
    • Т-34
    • 2018
    • Рейтинг: 6
    • Дауыс саны: 1
    Тағы да алдандым. Түкіріктері шашылғанша мақтаған фильмдердің фантик сияқты салмақсыз жылтырақ болып шығатыны заңдылыққа айналып кетті, өкінішке орай. Жақсы фильмдерді күтіп жүресің, сосын біреуі жарқ ете түседі, содан алдыңғы өкінішің естен шығып, жалпы дүрмекке қалай еріп кеткеніңді білмей қаласың ...
  • Тим Бертонның анау айтқан бір фанаты болмасам да, «Мисс Перегриннің өзгеше балалар үйі» фильмі ұнамады дей алмаймын. Тәп-тәуір фэнтези шығыпты. Фильмнің басында Джейкоб деген америкалық қарапайым, аздап бұйығы баланың қызықсыз өмірі көрсетіледі. Оның жалғыз ғана досы бар – қарт атасы. Ол Джейкобқа т ...
  • «Картоп жарылған түн» немесе Сет Роген – мультфильм өнерінің Тарантиносы Көшедегі шалшық судан да кәдімгідей тұңғиық мағына табуды мода еткен контемпорари-арт табынушылары бар ғой. Мен де солардың көшінен қалмайын деп осы бір қызық мультфильмді өзімше интерпретациялап көрейін дедім. Айналып келгенде ...
  • Бірсарынды, мамыражай, жанға жайлы түс көрген кезіңіз болған шығар? Тіпті оянған кезде өкінген боларсыз.  Ал егер бұл фильм болса ше? Том Тыквердің жаңа туындысы сізді дәл осындай атмосферасымен, әдемі кескіндерімен, бірқалыпты оқиғалар желісімен баурап алады. Рас, бұл жолы оның «Парфюмер» және «Бұл ...
  • «Қатқан» қыз немесе миллионердің әйелі қандай болуы керек? «Күйеуім – тұңғыш балам» деп жатады кейбір сары қарын жеңгелеріміз маңғазданып. Бүйтіп бәлсінбей тұрып олар осы «Қанға қан» фильмін көріп алуы керек екен. Жұбайын қылмыстық топтан құтқарып қана қойм ...
  • О обманчивая надежда человеческая! Цицерон   Ешбір фильмді бұрын-соңды бұлай күткен емеспін. Негізі мұндай жанрды ұнатпасам да, былтыр нағыз шедеврге татитын трейлерін көргелі осы киноны көрмей қоймасымды білдім. Премьера күні де жаппай дүрмектен қалмайын дедім, сөйтсем... Ұнамағандарынан б ...