• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов

Бағалаған фильмдері:

РЕЦЕНЗИЯЛАР (96)

  • Хоррор дегеннен гөрі драма деген дұрыс па деймін. Иә, фильм үрейлі. Бірақ біз үйреніп қалған классикалық "страшилка" емес. Басты кейіпкерлердің өміріне қатысты лирикалық шегіністер бар және бұл тәсіл өте сәтті қолданылған. Айтқанымдай, фильмде адамдардың бала кезіндегі үрейі, оны жеңе алуы немес ...
  • Фильм алғашқы минуттан соңғы титрға дейін махаббатсыздықтың қандай болатынын паш етіп, көрерменге дабыл сигналын қағумен болады. "Тасжүрек" деп қазақшалау фильмнің мәнін аша алмағандай болды. Фильм махаббаттың жоқтығы, махаббатсыздық туралы. Бұл тұрғыда тұпнұсқа атауы дәл қойылған. Синопсисінде жаз ...
  • Не айтуға болады? Өз жанры мен канондарын сақтай отырып жасалған туынды. DC киноғаламының бір бөлшегі бола тұра, сюжет жағынан "Әділет лигасына", яғни "Лига справедливости" жобасына байланып қалғанына қарамастан, Диана ханшайымның өз әлемі кеңінен ашылған. Қазір DC киноғаламында Бэтменнің рөлі екі ...
  • Marvel мен Sony Pictures компанияларының Өрмекші-адам кейіпкерін бірлесіп пайдалану туралы шешімі екі жаққа да пайдасын тигізді деп ойлаймын. Біріншіден, фанаттардың арманы орындалды - Өрмекші адам Кек алушылар құрамында. Екіншіден, Sony Pictures-ті құлдыраудан құтқарды: Өрмекшінің толық құқығына ие ...
  • "Галактика сақшылары" Марвел кинохронологиясының бір бөлшегі екеніне қарамастан, Джеймс Ганның арқасында ол дербес әлем ретінде өрбіп жатыр. Бұл ерекше айшықталған стилімен, орынды қолданылатын саундлистімен және балаға да түсінікті көңілді атмосферасымен айқындалады. "Галактика сақшылары" Марвел ш ...
  • Бәрі Куаронның "Гравитациясымен" салыстырғыш болып кетіпті. Оқиға ортасы бір демесеңіз, сюжеттік құрылым мен моралі да, мақсаты да бөлек дүниелер ғой. Ешқашан, естисіз бе - ешқашан "Гравитациямен" салыстырмаңыз. Біріншіден, "Алғашқылар" дәуірі өмірде болған оқиғаны баяндайды. Әлбетте, көркем туынды ...
    • Логан
    • 2017
    • Рейтинг: 8,333
    • Дауыс саны: 3
    Жыланды қанша кессең де кесірткедей күші бар Фильмге 18+ ересек рейтинг беру кімнің идеясы екенін білмеймін, бірақ дұрыс қабылданған шешім екеніне фильм барысында көзің жетеді. "Дэдпул" да "R" рейтингімен шықты, бірақ ол мүлдем басқа жағдай және "Логандағы" жас шектеуі былапыт сөздер мен қызыл ...
  • Комикс және кино, және солардың бірігуі нәтижесінде пайда болатын кинокомикс бағыты интертеймент саласынан ойып тұрып орын алады. Иә, кинокомикс көбінесе көңіл көтеруді, жеңіл-желпі көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді. Алайда, бұл факт оған жеңіл-желпі қарауды әсте білдірмейді. Ағайынды Андреасянд ...
  • Фильмге арқау болған шығарманы оқыған емеспін, бірақ авторы әйел екенін байқау қиын емес. Жазушы оқиғалардың өзегін тұрмыстық проблемалардан алады, сондықтан да осындай отбасылық триллер пайда болды деп есептеймін. Қате түсінбеңіз - отбасы болып жиналып көретін триллер емес, отбасы мәселелерін сөз қ ...
  • Алдыңғы бөлім мен қазіргі бөлім арасындағы үлкен уақыт қашықтығы (9 жыл) фильмге қызығушылықты бәсеңдетіп тастаған секілді. Бұрынғыдай атмосфера, бұрынғыдай еліту жоқ. Мүмкін фильм атмосферасы өзгермеген шығар, бірақ көрермен ретінде мен Борнға қызығушылығымды жоғалтып алыппын. Көрсетілім барысында ...
    • Тараз
    • 2016
    • Рейтинг: 7,857
    • Дауыс саны: 7
    Әлеуметтік аспектілері бар кылмыстық мелодрама Баспасөз конференциясында бір журналист Адамбаевтан: "Тараз туралы фильм неге қылмыстық драма жанрында?" деп сұрады. Сонда Адамбаев: "Тараз туралы басқа не түсіруге болады, комедия бұл қалаға жараспайды" деген сыңайда жауап берді. Шынымен де, Тараз дес ...
  • "Өлген адам сөйлемейді" (с) "Менің атым Қожа" Апта сайын топырлап шығып жатқан, тек қана кассалық мақсатты көздейтін киножобалардың арасында осындай жақұттар елеусіз қалатыны өкінішті. Фильм блокбастерге үйренген қауым үшін абсурд пен қияли дүние болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ақыл тоқтатқан, санасы ...
    • Крид
    • 2015
    • Рейтинг: 7
    • Дауыс саны: 1
    Роккидің мұрасы Әдетте, әп-әдемі франшизаны созғылап, олай да бұлай тартқылап сәнін кетіретіні бар. "Роккидің" спин-оффы шығады дегенде осындай қауіп болғаны рас. Бұны тек спин-офф деп қана емес, Рокки хикаясының тікелей жалғасы деп те қарастыруға болады. Өйткені, "итальян арғымақтың" бейнесі кей тұ ...
  • "Өткенді өзгерте алмаймыз - одан тек ғибрат ала аламыз" Бірінші "Алиса" әйгілі классикалық ертегіге сүйенсе, екіншісінің атауы ертегі-кітаппен бірдей болғанына қарамастан, сюжеті түпнұсқа дерлік сценарийге негізделіп отыр. Екінші фильмнің сынға ұшырауына да осы жағдай әсер еткен болу керек. Басқал ...
  • Кезінде "Biting Elbows" инди-рок-тобының "Bad Motherfucker" деген клипі біраз шу тудырып еді. Әрине, позитивке толы шу. Сюжетті баяндау тәсіліндегі жаңа бетбұрыс ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Бұл видеоклип Тимур Бекмамбетовтың де көзіне түсіп, осының негізінде толықметр кино түсіру идеясын да ...
  • Мен комикстардың да, олардың экранизацияларының да фанаты емеспін. Сол себепті, "Бэтмен Суперменге қарсы" несімен жақпады, қай жерімен комикс сүйер қауымның көңіліне қаяу түсірді - оны мен дәл басып айта алмаймын.  Сондықтан мен бұл фильмді қатардағы ауқымды жоба, көпшілік күткен премьера реті ...
    • 16 қыз
    • 2016
    • Рейтинг: 6,429
    • Дауыс саны: 7
    Қанағат Мұстафиннің кинодағы екінші толықметражын көре отырып, еріксіз түрде Ермек Тұрсыновтың "Кемпірімен" салыстыра бастайсың. Оған себеп те жетеді: ауылдың жайдар мінезді тұрғындары, Алматыға үлкен мақсатпен сапарлау, оңтүстік астананың әсем жерлерін аралау, ретромашина ("16 қызда" - "Волга", "Ке ...
  • Фильм тым жақсы басталып еді. Алғашқы жартысы өзге әлемнен келген бөтендердің Жерді кезең-кезеңмен жаулап алу процесін баяндайды. Бастапқы қарқынына қарай отырып, соңына дейін шиеленістен үзбейді, экшнға толы әдемі кадрлар болады деп күтесің, жойылу алдында тұрған адамзаттың шешуші шайқасын елестете ...
  • Төрт фильмге созылған антиутопия да өз ақырына жетті. Кітабы бестселлерлер қатарынан көрінсе де, экранизациясы кереметтей мақтау-мадақтауға бөлене алмады. Сонау бірінші сериясынан-ақ бір нәрсе жетіспегендей көрінген. Созылыңқы сюжеті мен бірсарынды өрбуі кері әсер еткен секілді. Бастапқыда тақырыпқ ...
  • Джеймс "Уайти" Балджер гангстер тематикасын ұнататын кез-келген саналы адамға таныс болуы тиіс. Бостоннан шыққан ең атақты қылмыскер туралы фильм шығады дегелі бері біршама қызығушылық оянғаны рас, фильмнің релизін асыға күтпесек те, көру керек деп белгі қойылғандар тізімінде еді. Оның үстіне басты ...
  • Фильм түрлі әлеуметтік ортадан шыққан екі адамның ортақ қырына баса назар аударған секілді. Екеуі де белгілі бір мақсатқа жетуді ойлайды.  Бірінші жағдайда - күзетші-спортшы. Тұрмыстың тауқіметін тартып жүр, бірнеше жерде жұмыс істейді. Сондықтан да үнемі ұйқысы қанық емес. Інісімен бірге жақс ...
  • Біз кімбіз? Фильм хакерлердің басынан кешкендерін суреттейді десеңіз қателесесіз. Сюжеттегі оқиғалардың өзі сыртқы қабат, бетперде секілді. Арғы жағында адамның болмысы, өз-өзіне деген қатынасы мен өзгелердің көзқарасына қатысты тәмсіл жатыр. Бұл кинодан кейін өзіңе сұрақ қоя бастайсың: Мен кіммін? ...
  • Сөзімді халыққа арнаумен бастағым келеді: - Жалғасын сұраған өздерің. Енді анау жаман, мынау жаман дей бермей, қалай болып шықты - сол күйінде ың-шыңсыз қабылдап, үнсіз жұтыңдар. Ал не күтіп едіңдер? Онсыз да логикалық тұрғыдан аяқталған фильмнің жалғасын талап етудің соңы қандай нәтижеге алып кел ...
  • "Абай жолын" оқымағанмын, Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен таныс емеспін. Оның сұлтан болғанын ғана білемін. Сол себепті кинода келтірілген көптеген фактілерден мақұрым екенмін. Көп нәрселерге көз ашып бергені үшін, осы жазбамды аяқтап, ой түймей жатып-ақ алдын-ала бір "плюс" бағамды бердім. "Құнан ...
  • Болашақты өзіміз жасаймыз Топан су, зілзала, соғыс, жаһандық жылыну... Біз өз келешегімізге өз қолымызбен көр қазып жатқандаймыз. Төңіректе, әлемде болып жатқан түрлі апаттар мен қайғылы оқиғаларды көре тұра, біле тұра - осылардың бәрін қалыпты нәрседей бей-жайлық танытатын да жағдайға жетіппіз (мү ...
  • "Айналып қана кетейін" (с) Наташа Романофф Екінші "Кек алушыларды" аса қатты күткен адам ретінде сезініп келіппін осы күнге дейін. Егер жабық көрсетілімге шақырмағанда, өз ниетіммен барамын ба, әлде жоқ  па - білмейді екенмін. Бірақ, бармау мүмкіндігім жоғары көрінеді. Көп жерде "ең көп күтілг ...
  • "Машиналар ұшпайды" Кейбір фильмдер болады, әр жалғасы шыққан сайын өз құнын жоғалта түседі. Кейбіреулері керісінше - әр бөлім сайын қарқын алып, үдей түседі. "Жылдам және жойқын" франшизасы соңғысына жатады. Жетінші фильмде бұрынғылардан да бетер мықты трюктер, әдемі қойылған төбелестер, жойқын жа ...
  • Апта сайын ондаған фильм шығаратын Голливудтың фонында ерекше дүние жасау оңай емес екені айтпаса да түсінікті. Жаңа блокбастерлер, ремейктер, сиквелдер мен приквелдер, экранизациялар мен ребуттар. Ішінен ұнағанын таңдай бер. Ұнамағанын бір категорияға бөліп, "шаблоннан шыға алмаған" дей саламыз, "ж ...
  • Тим Бертонның "Үлкен көздерін" көрдім. Сонда бір қызық диалог бар:- Менің картиналарымды миллиондар ұнатады!- Бірақ бұл факт оның өнер екенін білдірмейді. Соңғы сөйлем Қайрат Нұртастың әндерін, Еркін Рақышевтің фильмдерін үлкен өнерге теңейтіндерге жауап ретінде айтылуы керек сияқты. Иә, оларды мил ...
  • Сергей Бодров Голливудтағы ең ауқымды жобасын жасаған екен, біз оны премьераға дейін бірнеше күн бұрын көруге мүмкіндік алдық. Фильм осыған дейін жарық көрген "Гензель мен Гретель: Мыстан аулаушылар", "47 ронин" секілді ертегілер мен аңыз-әңгімелерде кездесетін құбыжықтармен күресу туралы фильмдерд ...
  • Сәбина келін Қазақстан телекөрермендеріне "7-ші арнадан" көрсетілетін "KZландия" скетчкомы арқылы белгілі. Образдың авторы - Нұртас Адамбаев Сәбинаның әлемін кеңейтіп, үлкен экранға шығаруды мақсат етіпті. Көрерменде екі ойлы көзқарас пайда болуы мүмкін. Жоба Қазақстан энтертейнменті үшін жаман құб ...
  • Махаббат қана уақыт пен кеңістікке, физиканың ешбір заңына бағынбайды Фильмнен кейін көңілім құлазып қалды. Біз - адамдар не деген қатыгез, эгоист едік! Тек дәл қазіргі күнімізді ойлаймыз, ал Жер ана бізге берер сыйын сарқып тауысып, қалпына келмейтін ресурстарынан айырылып жатыр. "Қолда барда алты ...
  • Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңін суреттейтін америкалық фильм көрсең - 4 жылдық қантөгіс әдемі, эффектілі, тіпті көңілді өткендей әсер аласың. Онысы аздай, америкалықтар әлемді фашизмнен азат етуші болып шыға келеді. Бірақ "Қаһар" сәл өзгешелеу. Менің ойымша, жаһандық қырғынды барынша шынайы көрсе ...
  • "Маймылдар ғаламшары" алғашқы фильммен тоқтап қалса, оған деген төмендеу бағам сол күйінде қала берер еді. Енді ше, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында баяндалған тақырыпты жалғастырып, дәлірек айтқанда - оған дейінгі оқиғаны көрсетті, біздің ғаламшардың мекиендердің әлеміне айналуына қатысты себептерді ...
  • "Big Hero 6" деген комикстің бұрын барын білмеппін, ұятыма орай. Сол бойынша Marvel мен Disney бірігіп анимациялық туынды жасайтынынан да соңғы күндерге дейін хабарсыз болып шықтым. Бұл үшін де ұялуым керек. Жапон мен Америка мәдениеті әдемі үйлесім тапқан футуристік мультфильмде бәрі бар: әдемі де ...
  • Марвелдің кезекті комикс экранизациясы 2014 жылдың жазғы блокбастерлер үздігінде көш бастауға әбден лайықты. Сюжеттің өрбуі бас қатырар шытырмансыз, бәрі ап-анық. Әзілдер өте көп, бірақ бұл фильмнің жалпы мазмұнына ешбір зиянын тигізбейді. Керісінше, әлгі біртүрлі кейіпкерлердің шынайы, адами бола ...
  • Әйел - дұшпан. Әйел - өрмекші. Бір шырмалсаңыз, оның тұзағынан шыға алмайсыз. Режиссердің айтқысы келгені де осы ма деймін. Әйтеуір маған солай көрінді. Іске аспай қалған армандары (немесе іске асқан, бірақ әйел үшін бәрін ұмытқан) мен мақсаттары үшін өзін екіге бөлген кейіпкер. Ойлап қарасаңыз - ...
  • "Малефисента" - "Ұйқыдағы ару" ертегісін басқа қырынан баяндау. Оқиғалар енді ертегінің басты зұлымы тарапынан көрсетіледі. Түпнұсқа сюжетті осылайша тарқатып жеткізу - мен үшін әдемі, сәтті әдіс болып көрінді. Бірақ фильм басталысымен-ақ, бірқатар техникалық кемшіліктерге жол бергендей болды. Соны ...
  • Менің ойымша, "Люди Икс: Дни минувшего будущего" ескі трилогия осыған дейін қалап кеткен деңгейге жете алмады. Жаңа фильмде "Х-адамдар" әлемінің ескі-жаңа қаһармандарын барынша көбірек қамтуға тырысқан. Бәрін сол әрекет құртқан тәрізді: әр кейіпкерді орталықтандырған үзік-үзік моменттер - оқиғалар ...
  • Сонымен, көптен күткен екінші "Жаңа Өрмекші-адам" да Қазақстанға жетті. Қазақша дубляжбен шыққан фильмнің алдын-ала көрсетілімінен кейін оймен бөлісейін. Бірден байқалғаны - сюжет желісінің әрі тарамдалып өрбуі. Питер мен Гвен арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскенін, олар да өзге адамдар сек ...
  • Көпшілік күтті. Біз де күттік (Киностан авторларын айтамын). Олардың ішінде мен де бар. Алдын ала көрсетілім алдында бір киноман менен: - "Қысқы жауынгерден" не күтесің?, - деп сұрады. - Біріншісінен тәуір болады деген үміттемін, - дедім. Оның көзінен де соны аңғардым. Шынымен, "Капитан Американ ...
  • "Бірінші класпен ұшатын адамдардың барлығы бірдей бірінші класты емес" (Филомена) Филомена Тағдырдың небір ауыртпалығын көрсе де, шүкіршілікпен тіршілік етіп жатқан кішкентай кемпірдің хикаясы. Ол өмірінде адамдардан көп зәбір көрді, бірақ "зұлым" сөзінің мағынасын түсінбейді. Адамдарға ренжімек ...
  • Enjoy Movies студиясының өнімдері сапа жағынан геометриялық прогрессиямен дамып отырғанын көруге болады. "Легок на помине" - соның жарқын үлгісі. Сюжеті шырмалып-шиеленіскен деп айта алмайсыз. Махаббат фэнтезиі іспеттес қатардағы хикая. Аса бір анайы көріністер де жоқ. Бірақ бәр ...
  • Жаңа Робокоп - Саясаткер-полицей Жозе Падилья ұсынған Робокоп жаңа қаңқасымен, супер жылдамдығымен, анағұрлым жетілдірілген интеллектімен ерекшеленді. Оқиға да түпнұсқадан өзгеше. Дегенмен культқа айналған 1987 жылғы "Робокоппен" салыстырмай сөз қозғауға тағы болмайды. Түпнұсқа анағұрлым қанды оқи ...
  • Өмір бойы офиста еңбет етіп келе жатқан адамда қандай таңғажайып өмір болсын? Жұмыстың мәселелері, анасының қамы және іске аспай қалған арман-тілектер... Бас кейіпкер де арман-тілекті былай ысырып қойып, өмірдің күйбеңімен айналысып жүрген жігіт ағасы еді. Сырттай жуас көрінген Миттидің өз ішкі әле ...
  • Аркенстон қайдасың? Сонымен қарапайым хоббит пен жауынгер гномдардан құралған саяхат жалғасын табуда. Бірінші бөлімде орктардың қоршауынан бүркіттердің көмегімен құтылған саяхатшылар көз ұшында менмұндалаған Жалғыз тауға қауіпті сапарларын жалғастырады. Әрине "Хоббит" пен "Сақиналар әміршіcінің" ф ...
  • Үндеспейтін сабақтар Айта кету керек: картина бұқаралық көрсетілімге арналмаған, сондықтан таң-тамаша ететін хикаялар мен қарқынды өрбитін сюжет күткен көрермен өз мақсатына жете алмауы әбден мүмкін. Сюжет арт-хаусқа тән стилде баяу өрбиді. Құрдастары тарапынан кемсітілген Аслан ахуалды жақсы жағы ...
    • Кэрри
    • 2013
    • Рейтинг: 6,5
    • Дауыс саны: 2
    Үндемегеннен үйдей пәле шығады Стивен Кингтің шығармасына негізделген кезекті экранизация саспенске тән сюжетімен, үрей шақырар музыкасымен және Хлоя Грейс Морецтің әдемі ойынымен ерекшеленді. "Кэрри" романы осыған дейін екі рет экранға шығарылған. Мынау - үшіншісі. Бұған дейінгі фильмдердің қаншалы ...
  • - Әй, тойдың дискісін қосшы, дұрыстап көрейік! (Кез-келген тойдың ертеңіне айтылатын сөз)   Ресейде осыған дейін мокьюментари стилінде кино түсіру әрекеттері болған, бірақ бұл жолғысы осы жанрдың ең үздік мысалы атануға лайық. Фильмдегі әңгіме отау құрғалы жатқан екі жас туралы. Қыздың арма ...
  • 5 маусымға созылған сериал да ақырына жетті. 2008 жылдан бері кейіпкермен бірге өмір сүргендей болған көрермен үшін Уолтпен қоштасу оңай болмағаны анық. Қалай десек те, "Жанкешті" телехикаясы ешкімді бей-жай қалдырмаған шығар. Жақыныңнан айырылғандай ішкі дүниеңізде бір қимастық сезім қалған шығар. ...
  • "Кино тарихындағы ғарыш туралы ең үздік фильм" Джеймс Кэмерон   Бойыңнан асып секіре алмайсың Альфонсо Куарон сценарийші, режиссер ретінде адамның локалды мәселелері арқылы бүкіл адамзат деңгейіндегі түйткілдерін көрсетіп берудің шебері. "Кішкентай ханшайым" ("A Little Princess"), "Сен ...
  • Бірнеше хит фильмдерге қатысып үлгерген және болашағынан көп үміт күттіретін Голливудтың актерлері туралы комедия. Дәлірек айтқанда, көпшілігіміз танитын Сет Роген, Джеймс Франко, Джона Хилл, Джей Барушель, Крэйг Робинсон, Дэнни МакБрайд секілді актерлер өз-өздерін сомд ...
  • Махаббатпен ойнама Испан киносы қашан да өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі. Әсіресе триллер жасаудың шеберлері. Америкалық кинодағыдай қорқытып-үркітуді жөн санамайды. Саспенс типтес интригаларымен-ақ жүйкені жұқартып болады. Әрине, жақсы мағынасында. "Қараңғы бөлме" де испан киносына тән өрнекте ...
  • Қазақстан киносы үшін бұл бір қызық оқиға болды. Алдымен телевидениеде көрсетіліп, содан кейін ғана кинопрокатқа жол тартқан бірінші отандық картина осы шығар. Тағы несімен ерекшелендіре алды, оның бәрі төмендегі абзацтарда. Линда Нигматулинаның отандық киноға түскені әрине қуантты. Бірақ осы бір с ...
  • Майк пен Салли "Корпорацияда" көрсетілгендей үнемі ажырамас дос болып жүрмеген екен. Бұл приквелде екеуі қалай танысқанын, қорқытушылардың мекемесіне қалай жұмысқа орналасқанын біле аламыз. Шыны керек, барлық бүге-шегесі ойластырылған приквел күтпеген едім. Мультфильмнің түпнұсқамен байланысы кейбі ...
  • Жо-жоқ, біз Еуропа емеспіз... Фильм небір ойларға жетеледі. Соның ішінде фильм барысында түрлі елдер мен аймақтардың кинематографтарын салыстырып отыруға мәжбүр етті. Салыстырдым: иә, Ұлыбритания Голливудтың қатысуынсыз-ақ тамаша фильмдер шығара алады. Оған тағы бір көз жетті. Ұлыбритания Испания ...
  • "Атына заты сай" деп осындайда айтса керек. Фильмнің өзі мазмұны жағынан мелодрама, комедия, драма коктейлінен тұрады. Әдетте фильмдердің жанрлар қоспасынан тұруы қалыпты жағдай ғой. Бірақ хронологиялық ретпен жанрлардың алмасуы сирек құбылыс. Өзім қателеспесем - бұндайды алғаш көріп тұрмын. Фильм ...
  • Нағыз Гамбит! Бастығын жақсы көретін адам кемде кем шығар. Әдетте қарапайым қызметкер үшін бастық - зұлым, қатігез, жүрексіз, ақылсыз болып келеді. Фильмдегі Колин Ферттің кейіпкері де бастығынан өшін ала алмай жүрген бейшара жұмыскерлердің бірі еді. Сөйтіп жүргенде есе қайтарудың бір амалын табады ...
  • Томас Эдисон - ұлы сиқыршы. Сиқыр әлемі бірден баурап алды. Авторлар бала түгілі ересек сенетін ертегі әлемін жасауды мақсат тұтса - олар оған қол жеткізді деп сеніммен айтуға болады. Актрерлерден Мишель Уильямс пен Джеймс Франконың әртістік шеберлігін ерекше атау қажет. Әсіресе Озды сом ...
  • Нағыз гангстерлік фильм Американың 1940-50 жылдары біздің қазіргі Қазақстанды еске түсіреді. Сатылмалы полиция, жемқор саясаткерлер, қарақшылар мен бандиттердің үстемдігі. Кінәліні табуға мұрша бермейтін шиеленіскен осындай қоғамдық-саяси жүйеден құтылуды Лос-Анджелестің әділетшіл полицейлері өз жо ...
  • Бұл фильмнің басты тақырыбы - адалдық секілді. Ата-анаңның адалдығы, жақын достарыңның адалдығы - бәрі сайып келгенде сенің кім екеніңді, қандай екеніңді айқындай түседі. Сюжетте шектеулі өмірі қалған жас қыз (Дакота Фаннинг) туралы баяндалады. Ракқа шалдыққан қыз о дүниеге кетпес бұрын есте қаларл ...
  • Кез-келген оқиға ешқашан біржақты қабылданбайды. Бұған тағы бір рет көз жеткіздім. Әсіресе, сол оқиғаның куәгері тек бір адамнан аспаса - онда айтылған хикаяның қай жері жалған, қай жер шындық екенін ешкім ешқашан білмей өтетін болады. Пидің ғұмырының фильмде айтылатын бөлігі де екі жақты: қай нұсқ ...
  • Жаңа ғасырдың ұрпағы бұны түсіне қоймас. "Бригада" атты атақты сериалдың табынушылары толықметраж түріндегі сиквелді күткені анық. Сонымен, ол күн де келіп жетті. Сюжетте Саша Беловтың ұлы Иванның тағдыры, дәлірек айтсақ Ресейдегі үш-төрт күндік өмірі баяндалады. Америкада анасымен тұрып жатқан ол, ...
  • Сәлем, 90-шы жылдар! Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып таста ...
  •   Әр түрлі ұлттардан құралған Америка үшін нацизмнің үлкен мәселе екенін білмеппін. Ұлтшылдық болғанда анау-мынау емес, кәдімгі нәсіл аралық қақтығыстар деңгейіне жеткенін біреу білсе, біреу білмес. "Американдық оқиға Х" фильмі осы жайында.  Дерек Виньярд жергілікті скинхедтер банда ...
  • О дүниеде де еліне қызмет еткен солдат Түпнұсқа атауы "Source Code" деп аталатын фантастикалық триллер жайында әңгіме өрбиді. Фильм күрделігімен есте қалады. Иә, сюжеттік құрылымы қарапайымдар санатынан емес. Десек те, тартымдылығын еш жоғалтпаған. Фильм жайында тоқталайық. Ресми суреттемесі қысқ ...
    • 13
    • 2010
    • Рейтинг: 5,333
    • Дауыс саны: 3
    13 – сәтті сан ба? 13. Осы сан жазылған қара жейде үстіне киілісімен оның өмірі күрт өзгереді. Бұған дейін кім болғаның, бұдан кім болып қалатының – ешкімді де толғандырмайды. Тек айтқандарын істе, сонда ғана құтылуға жол бар. Бір күнде миллионер атанудың ең төте жолы – осы. ...
  • Ішкі тыныштығын іздеген Панда Бұған дейін ерекше есте қалған алғашқы бөлімінен кейін екіншісін асыға күтуші қауым аз болмады. Енді міне, ол күн де келіп жетті. Кинотеатрларда - икемсіз, аңқау, ақылсыз, алайда күлкілі Панда туралы мультфильмнің жалғасы. Бұл жолы ішкі тыныштығына тура мағын ...
  • "Бәрі де өз қолымызда..." Тағдырымыз алдын-ала жазылып қойған, біз тек сол жолмен ғана жүреміз деп жатады көпшілік. Бұл фильмді көріп, басқаша ойлауға да құқың бар екенін сезіне түсесің.   Иә, фильм түрлі ой салды. «Шынымен де, тағдырымызда Жаратушы емес, өзіміз жасаймайтынымызға кім к ...
  • Юлий Цезарға жасалған сәтсіз пародия «Маймылдар көтерілісін» көргеннен кейін келген ой осындай болды (Тақырып атауын қараңыз).  Ресми суреттемесі естеріңізде ме? Еске салайын: Фильмдегі оқиға қазіргі Сан-Францискода өтеді және маймылдарға генетикалық эксперименттер жүргізген ...
  •   "Аполлон 18" экипажының басынан өткендері "Ресми деректер бойынша "Аполлон 17" адамдардың қатысуымен болған Айға жасалған сапардың соңғысы болды. Алайда, бұдан кейін де Айға сапар жасалды. Бұл фильм "Аполлон 18" сапарынан түсірілген NASA-ның видеоматериалдарынан монтаждалды". Фильм ...
  • "А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Ақталмаған үміт   Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінә ...
  • Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында. «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, акт ...
  • Адасқан жігіт туралы аңыз Шынымен де елітіп алып кетеді. Басында қарағанда көп жерлерін монтаждап “қиып” тастағандай әсерде боласың, бірақ соңында басына қайта оралып, көзге кейде көрініп, кейде байқалмай да қалатын сәттерді флешбек жасап дұрыстап түсіндіреді. Түсіру шеберлігі де, ...
  • Фильмнің 1980 жылдары түсірілгенін ескерсек,«тіптен жаман емес» деген баға беремін. Стэнли Кубриктің «The Shining» (Шұғыла) триллері көруге тұрарлық, айтуға тұрарлық дүние екеніне көз жеткіздім. Ең үрейлі фильмдердің түрлі чарттарында бұл өзі алдыңғы қатардан көрініп жүр.Жалп ...
  • Ол — мықтылардың ішіндегі бірегей. Сұлулардың арманы, ержүрек семсерші сері, кедейлер мен шіркеудің қорғаушысы және қызу қанды биші. Бұл кім дейсіздер ғой? Әрине, Шректің болашақ досы — Етікті мысық. Ол Шрекке дейін қандай болды? Қандай оқиғаларды басынан өткізді? Қайдан ғана тап бо ...
  • «Burning Daylight» ("Уақыт күтпейді") — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Уақыт ...
  • "Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы   Фильмнен ашықтан-ашық көрсетіле бермейтін кадрлардың куәсі болдық. Соның ішінде зымыран тасымалдағышты ұшыру үрдісі, ғарышкерлерді дайындау кезеңдері, ғарыштағы мамандардың жұмысы, халықаралық ғарыш станциясындағы сәттер, ...
  • Ерте, ерте, ертеде…Әжелеріміз ертігіні осылай бастаушы еді ғой. Қазір ше? Қазір кішкентайлардың идеалдары басқа. Ал, ертегідегі батырларымыз бен хас сұлуларымызды Дисней қаһармандары, қиял-ғажайып кейіпкерлеріміз бен сиқыршы тұлғаларымызды фэнтези блокбастерлердің кейіпкерлері алмастырған. Фи ...
  • Көңілсіз аяқтар Желтоқсанның басты мульт туындыларының бірі — "Көңілді аяқтар 2" болғаны даусыз. Бірінші бөлімі өзгеден ерекше болып туған Мамбл есімді пингвинімен көрермендердің есінде қалып еді. Мамблмен бірге күлдіріп, бірге қайғыртып қойған авторлар екіншісін дәл сол деңгейде ұстай алмаға ...
  • Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп ...
  • "Мына көлікті сатсам - он адамның өмірін сақтап қалап едім" Фильмдегі басты кейіпкердің сөзі   Ол қарапайым бизнесмен еді. Еврейлердің Польшадағы қаңырап қалған ыдыс-аяқ зауытын сатып алып, қайтадан іске қоспақ болады. Бұл жерде оған бұрынғы қожайынның көмегі қажет болады. Сөйтіп еврейлермен ...
  • «Адам өзі көрген нәрсені ғана көргісі келеді» Осыған дейін өзінің фантазиясына сеніп қалатын кейіпкерлер туралы бірталай фильмдер көріп тастадым: «Заблудившийся», «Остров проклятых», «Ликвидатор»,«Черный лебедь» т.б. А ...
  • "Тинтиннің басынан кешкендері: Бірмүйіздің құпиясы" (The Adventures of Tintin: Secret of the Unicorn) режиссер Стивен Спилбергтің сандық форматтағы алғашқы туындысы екен. Сюжет:Оқиға 1930 жылдары, Брюсселде орын алады. Жас әрі тәуелсіз репортер Тинтин құпиялар мен қылмыстар төңір ...
    • Серт
    • 2012
    • Рейтинг: 7
    • Дауыс саны: 2
    Серттескен жандардың қалыптан тыс жағдайы «Леоның орнында болсам мен не істер едім?». Кинотеатрдан шыққаннан кейінгі алғашқы ой осы болды. Әңгіме "Серт"(The Vow) драмасы жайында.  Сюжет Лео (Ченнинг Татум) және Пейдж (Рэйчел МакАдамс) есімді жас жұбайлар жайында. Екеуі көлік ...
  • Мерген бала, немесе анимация қасқырды қалай атып алу керек? "Аңшы бала" — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 2012 жылғы туындысы. Еліміздегі прокаты шектеулі — «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрлар желісінде ғана көрсетіледі. Көпшілік ...
  • Өрмегі жоқ Өрмекші-адам Көптен күткен "Жаңа Өрмекші-адам" да прокатқа жол тартты. Биыл қазақ тіліне аударылған үшінші голливудтық фильм күткен көңілді қанағаттандыра алмады. 3D формат үшін арнайылап түсірілген кадрлар 1-2 көріністен аса алмады. Саны мүмкін одан да көп шығар, бірақ ер ...
  • Ержүрек қыздың хикаясы Биылдан бастап қолға алына бастаған Голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару жұмыстарының сапасы әр премьера сайын жақсармаса, еш төмендемеген емес. Бұған "Батыл жүрек" анимациялық туындысын көргенде тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.  Мультфильмнің өзі &n ...
  • Афроцирктен Америкалық зоопаркке дейін "Мадагаскар 3" Нью-Йорк зоопаркінен қашқан арыстан Алекс, зебра Марти, керік Мелман және сусиыр Глорияның ұзақ саяхаттан кейінгі "үйлеріне" қайта оралу жолындағы тағы бір әрекетін баяндайды. Бұлар осы жолы пингвиндер мен маймылдар жасаған ұшақпен келе жатып, т ...
  • Бөтен әлемнен ізделген туыстық Прометей деген кім және не? Аттас фильм туралы жазбас бұрын, атауына назар аударайық. Грек мифологиясында Прометей деген титан болғанын айта кету керек. Ол адамдарды құдайлардың қаһарынан қорғаушы болған. Аңызға сәйкес Прометей адамдарды топырақ пен судан ж ...
  • Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. О ...
  • Диктатор кейпіндегі Борат Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар — бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан кинокомедиясының образында жүреді. 2012 жылғы «Оскар&r ...
  • Маппеттердің қайта оралуы Білетіндер үшін Маппеттер есіңізде ме? 1980-жылдардың өкілдері осы бір ұсқынсыздау, бірақ мейірімді қуыршақтарды білетін шығар. Бірқатар американдық сериалдар мен шоулар арқылы танымал болған осы кейіпкерлер кезінде қуыршақтар әлемінде бөлек ұғымға ие болды. Бізді қайдам ...
  • Оқушы полицейлердің хикаясы 2012 жылдың 12 сәуірінде отандық нарыққа «Джамп көшесі, 21» («Мачо и Ботан»; «21 Jump Street»)кинотуындысы шығады. Фильм жанры жағынан боевик элементтері бар комедияға жатады. Қалай дегенмен де көрсетілімнен кейін көрерменнің бей- ...
  • Джеймс Уоткинстің "Қара киімді әйел" (Женщина в черном / The Woman in Black) — үрейлі триллері қалың бұқара үшін арналмаған. Аталған картинадан бұрын-соңды байқалмаған бірқатар ерекшеліктерді байқадым. Судай аққан қан, жүйке жұқартар азап-қорлықсыз-ақ көрерменді өлердей қорқытуға болады е ...
  • "Джон Картер" фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын.  Фильм жайында "Джон Картер" (John Carter) — Эндрю Стэнтонның ғылыми-фантастикалық қызық оқиғалы боевигі. Кинотуынды Райс Берроуздың &la ...